• «Болашақ» стипендиясына 2023 жылы қай уақытта құжат тапсыруға болады?

Бағдарлама шеңберінде 2023 жылы шетелде оқуға болатын мамандықтар тізімі жарияланды — деп хабарлайды informburo.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ашық НҚА порталында 2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау мерзімдерін айқындайтын бұйрық жобасын жариялады.

Оған сәйкес, 2023 жылы бағдарламаға келесі төрт мерзімде құжат қабылданады:

  • 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығы;
  • 3 сәуір мен 28 сәуір аралығы;
  • 5 маусым мен 7 шілде аралығы;
  • 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығы.

Ал бағдарлама конкурсы 2023 жылғы 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы өтеді.

Порталда, сондай-ақ 2023 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі жарияланды. Онымен осы сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.