Түлектердің неше пайызы өз мамандығымен жұмыс істейді – зерттеу

Елімізде ауыл шаруашылығы саласы түлектерінің 19,4 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түлектердің бәрі бірдей оқыған мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Мысалы денсаулық сақтау саласы бойынша оқу бітірген түлектердің 69 пайызы, педагогика саласы түлектерінің 59,5 пайызы, қала құрылысы саласы түлектерінің 30,6 пайызы және ауыл шаруашылығы саласы түлектерінің 19,4 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз», — деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қалған түлектер диплом бойынша емес, басқа салаларды қызмет етеді немесе мүлде жұмыс істемейді.

«Талапкерлер мектеп бітіріп, университет пен болашақ кәсібін таңдағанда, ең алдымен өзіне ұнайтын, қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдауы қажет. Бірақ, жоғары бәсеке заманында таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мәселесі барлығын ойландырады. Сол себепті, біз барлық талапкерлердің таңдауын жеңілдету үшін осы рейтингті жыл сайын көмекші құрал ретінде дайындаймыз», — дейді А. Бейсенбенов.

Айта кетейік, ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі елдегі ЖОО-лардың 2022 жылғы рейтингін жариялады.

Бұл рейтингке сәйкес, жұмыс берушілер отандық білімге 67% қанағаттанады.

2022 жылы ЖОО түлектерінің 67% тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қазақстанда ЖОО жаңа бітірген жас маман орта есеппен 155 621 теңге жалақыалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *