Ана тілі сабағында белсенді оқыту әдістері арқылы «4К» дағдыларын қалыптастыра отырып  оқу сауаттылықтарын арттыру

Меновное орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Мухамадиева Арайгуль Кумаркызы

Ана тілдің қадірін түсіну туған тілінде жазылған кітап оқудан басталады. Өйткені оқу- ойлау мен ақыл ой дамуының, қайнар көзі.

«Оқуды тоқтатқан адам, ойлауды тоқтатады»,

— дейді Дени Дидро.

1-сыныпта оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап оқытылатын «Ана тілі» оқу пәні Әліппеден кейінгі кезеңдегі оқу-жазу дағдыларын жетілдірудің әдіс-тәсілдерін қарастырады

Ахмет Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы?» деген еңбегінде: «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай», – дейді. Сондықтан мұғалімге көмекші құрал ретінде «Ана тілі» оқулығының мазмұнын игертудің ұтымды және қажетті әдіс-тәсілдері қолданылады.

«Ана тілі» пәні мазмұны оқу мен жазудың кіріктірілген құрылымынан тұрады. Оқушы бір уақытта байланыстыра сөйлеуді дамытатын оқу материалымен қатар грамматикалық мағлұматты меңгереді. Бұл мұғалім тарапынан жан-жақты ізденісті талап етеді.

Оқушылардың қарқынды дамуына, ақыл-ойының жетілуіне оқу материалдары тікелей әсер етеді. Өйткені қоршаған ортаны танып-біліп, қабылдау сөйлеу арқылы түсіндіріледі. Ана тілі қатынас құралы ретінде де оқушыларды дұрыс сөйлеуге, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді.

Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық оқу материалдарын және жаттығу түрлерін дұрыс таңдап, сабақта шебер қолдану үшін оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сондықтан оқу материалдары бағдарлама талаптарына сай іріктеліп, өзара байланысты мазмұндық құрылыммен кіріктірілген. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері оқушы мен мұғалім арасындағы өзара қарым-қатынастағы ортақ мақсатты көздейді.Ол–таным кеңістігін кеңейту мен өнегелі тәрбиені қалыптастыру. Сондықтан оқу үдерісіне қатысушылардың бірі-біріне ықпалы зор.

«Ана тілінде» оқылым дағдысы берілген оқу материалдарын дауыстап және іштен оқу арқылы меңгертіледі. Оқудың екі түрі бар: біріншісі – дауыстап оқу, екіншісі – іштен оқу. Бірінші сынып оқушылары көбінесе дауыстап оқиды. Мұғалім біртіндеп оқушыларды іштен оқуға дағдыландыра бастайды. Оқудың аталған екі түрі бір-бірімен ұштастырылып жүргізіледі. Дауыстап оқу мен іштен оқуда дұрыс оқу, шапшаң оқу, түсініп оқу талаптары орындалуы керек. Дауыстап оқуға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Аталған талаптардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.

Әліппе кезеңінде негізі қаланған дұрыс оқу жалғастырылады. Басында буындап оқуға жаттыққан оқушылар әрі қарай сөзді буынға бөлмей, тұтас оқу дағдысын жетілдіреді.

Мұғалім оқушылардың мәтінді оқу барысында әріп, буын, сөз қалдырып оқу, буын немесе сөзді ежелеп, қайталап оқу, әріптердің орнын алмастырып оқу сияқты кемшіліктерді жібермес үшін бірқатар жұмыстарды ұйымдастырады:

Сол себепті де бастауыш сыныптан-ақ негізі қалануы тиіс маңызды міндеттің бірі-оқушылардың оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру. Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру мынадай талаптардан туындайды:

Оқу техникасы (дұрыс, тез қабылдау және сөздерді дыбыстау).

Мәтін мазмұнын түсіну (негізгі ойды, мазмұнын ажырату).

Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені оқу техникасы жетілдірмей – түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды.

Іштей оқу мен дауыстап оқуға қойылатын талаптарды жүйелей келіп, әдіскер ғалым С.Рахметова оны 4-ке бөледі:

1.Дұрыс оқу

2.Шапшаң оқу

3.Түсіну оқу

4.Мәнерлеп оқу

Оқу жылдамдығын дамыту дегенімізді –ғалымның «шапшаң оқу» деген терминге берген анықтамасымен байланыстыруға болады. Жылдам оқу дегеніміз – текстегі сөздерді қалай болса, солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл – оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшандықпен оқу.   Оқушы – кішкентай оқырман.

Жылдам оқудың жай оқудан өзіндік маңызы бар екенін білеміз. Жылдам оқитын, «оқырман» мәтіннің құрылымы мен  маңызына тез бойлап, оның мағыналық бөліктерін пайымдап, салыстыра алады. Жылдам оқудағы негізгі мақсаты- ақыл – ой әрекетінің тиімді әрекетін жүзеге асыру болып табылады. Төменде жай оқушы мен жылдам оқушының ақыл – ой әрекетінің салыстырмалы сипаты көрсетілген.

Жылдам оқудың тағы бір түрі –сыныпты дауыстап оқыту. Мұндай жұмысты орындатқанда жеке- жеке тақтаға шығарып, мәтін беріп дауыстап оқу арқылы оқушының оқу жылдамдығын бақылаймын. Жылдам оқуға оқушыларды жүйелі түрде күнбе –күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Жылдам оқу оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне де байланысты. Бұл ретте оқушыларға мәтінді хормен де, жеке- жеке оқытып көремін. Айтылуы қиын жаңылтпаштарды  қайта-қайта   айтқызамын. Ол  әрі  дұрыс  оқуға, әрі жылдам   оқуға  септігін  тигізеді. Мысалы:

Шеше, шеше,

Неше кесе

Сынды кеше?

Біл, бұл –піл,

Бұл – бір ірі піл.

Шын еңбекшіл — өрмекші,

Өрмекші – шын өрнекші.

Алдымен оқушыларды дыбыстарды ажыратуға, одан кейін дыбыстарды біріктіріп дауыстап оқуға үйретемін. Жалпы жылдам оқыту барысында балаларды оқудың 2 түрін дауыстап және іштей оқу формаларын қалыптастыру қажет. Дауыстап оқу – оның, кідіріссіз, қажетсіз және әрбір сабақ бағдарламасына сәйкес оқу темпінде, мәтінді мәнерлеп оқудан тұрады. Іштей оқу көзбен оқудан тұрады. Оқу техникасысын жеделдетуге Федоренко мен Пальченко мынандай жаттығуларды ұсынады.

-Қайталай бірнеше рет оқу.

-Жаңылтпаш қарқынмен оқу.

-Оқып  келе жатып оқымаған бөлімге ауысып  мәнерлеп оқу.

-Қиын сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс.

-Суреті көп кітаптарды көрсету, балалар оқығысы келеді.

-Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру.

-Слайдтарды пайдалану.

-Ойын ойнату – сөйлемде қойылмай қалған сөздерді табу.

-Жұптасып оқу. (2 адам оқу).

-Сабақта үйге берілген текстен үзінді оқу.

Мәтінді түгел оқу.

-Мәтінді оқу,бөлімдерге бөлу,жоспар құру.

-Белгіленген жоспар бойынша оқу.

-Мысалдардан мақал-мәтел,нақыл сөзге айналған жолды тауып оқу.

-Мәтіннен лепті,сұраулы,хабарлы сөйлемдерді табу.

-Мәтінді іріктеп көркем сөз,теңеулерді тауып оқу.

-Мәтін ішіндегі ең ұзын сөзді оқу.

-Мәтіннен 2,3,4 буынды сөздерді табу.

-Мәтіннен сұраққа жауапты іздеу,үзіндіні табу.

-Мәтінді оқу,әңгіме несімен ұнағанын,ұнамағанын айту.

-Мәтінді оқу,оқығанын қимыл-қозғалыс арқылы әңгімелеу.

-Мәтінді рөлге бөліп оқу.

-Мәтіннен жылдам,жай,көтеріңкі дауыспен оқылатын сөйлемдерді табу.

-Мәтінді оқу, шағын мазмұндама жазу.

-Мәтінді оқу,шағын шығарма жазу.

-Мәтінді оқу,жай,күрделі жоспар оқу.

-Мәтінді оқу,мағынасы түсініксіз сөздерді белгілеу.

-Мәтіннен өкінішті,аянышты,мысқылмен,қуаныш,ренжіп,т.б.эмоциалды кейіппен оқылатын сөйлем,үзіндіні тауып оқу.

Мәтіннен іріктеп көркем сөз,теңеулерді тауып оқу.

Оқу арқылы көру диктантын жаздыру.

Көру диктанттарын алғаш құрап шығарған И.Т.Федоренко.

Көру диктанттары 18 құрамнан тұрады.Ерекшелігі:бірінші құрамдағы бірінші сөйлем-8 әріптен, он сегізінші құрамдағы соңғы сөйлем-46 әріптен тұрады, яғни әр сөйлемдегі сөз бір әріпке көбейіп отырады. Жұмыс жасау уақыты 18 құраммен-2 ай. Бұл мерзім ішінде баланың қабылдауы жақсарады, ол 8-9 сөзден тұратын сөйлемді оқи алады, мағынасын түсінеді. Оқу баланы қызықтырады, сондықтан оқыту процесі тез жүреді, жақсарады.

Диктант күн сайын жазылуы тиіс.Сонда ғана нәтиже береді. Балалар сөөйлем мазмұнын тез ұғады, қызыға оқиды. Сөйлемдерді сабақ тақырыбына сай өзгертуге болады. Сөйлемдегі әріп саны өзгермейді.

Көру диктанты.

№1

8 әріп-4 сек.:Күз-диқан.

9 әріп-4 сек.:Ашу-дұшпан.

10 әріп-5 сек.:Білім-теңіз.

11 әріп-5 сек.:Ата-асқар тау.

11 әріп-5 сек.:Білім-сұңқар.

12 әріп-6 сек.:Оқыған-білгір.

Бұл жаттығулардың мақсаты – оқушыларға қызықты сөздер мен сөз тіркестерін анықтату арқылы оқудың дағдысын меңгерту.

Жаттығулар баланың көңіл – күйін көтереді, оқуға деген қызығушылығын арттырып, тіл байлығын, сөздік қорын молайтады, зейінінің тұрақталып, есте сақтау қабілетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Жаттығуларды сабақтарда, сабақтан тыс мерзімдерде жарыс – ойыны түрінде, 10-30 минут көлемінде жүргізуге болады.

Ескеретін жай, жаттығуларды орындау барысында қателесіп, жаңылысқан балаға наразылық кейіп көрсетпеу, керек, керісінше, олармен бірге қызықты, күлкілі сөздердің пайда болғанына шын көнілден қуана білген жөн.

1-жаттығу: «СИҚЫРЛАНҒАН» СӨЗДЕРДІ ОҚУ.

Баларға әртүрлі сызық, штрих, қарапайым суреттердің кедергісінен оқылуы қиынға түсетін сөз жазылған карточкалар таратылып беріледі. Сөздердің неліктен күрделі беріліп отырғандығы түсіндіріледі.Берілген түсіндірме оқытушының айтқан әнгімесінің мазмұнына, ойының ұшқырлығына, тапқырлығына байланысты. Мысалы, бұл сөзді сиқыршы әдейі оқи алмастай етіп сиқырлап қойды, соған қарамастан біз бұл сөзді оқып, сиқыршы құлығының шешімін табамыз деуіне болады.

Мұндай мысал — әңгімелер баланың оқуға деген ынта – ықыласын арттыруға септігін тигізеді.

2-жаттығу: ҮЗДІК СЫЗЫҚПЕН ЖАЗЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ОҚУ.

Балаларға әріптерінің кейбір сызықшылары түсіп қалған сөз жазылған карточкалар таратылып беріледі. Сөздер біртіндеп күрделеніп отырады.

Ойын барысында балалардың белсенділігін арттыру мақсатыңда, әріптердің өзіндік жазылу ерекшелігіне байланысты әртүрлі әңгімелер айтып беруге болады. Мысалы: мына сөздегі әріптердің кейбірін қатты жауын жуып кеткен, әйткенменде «Тапқышбек» бала үшін ол әріптерді тез табу қиындыққа соқпайды. Арамыздағы «Тапқышбек» сонда кім? Және т.б.

3- жаттығу: БІРІНІҢ ҮСТІНЕ БІРІ ЖАЗЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ОҚУ.

Оқытушы балаларға бірінің үстіне бірі жазылған сөздері бар карточкаларды таратып береді. Сөздердің бұлай ретсіз берілуі тосыннан соққан қатты дауылға – байланысты деп түсіндіріледі.

Балалардың міндеті – араласып жатқан сөздерді ретке келтіріп, оқып беру. Карточкада берілетін сөздер саны мән – мағынасына қарай біртіндеп құрделене береді. 

4-жаттығу: ТӨМЕНГІ ЖАҒЫ ЖАБЫҚ ЖОЛ СӨЗДЕРІН ОҚУ.

5-жаттығу: ЖОҒАРҒЫ ЖАҒЫ ЖАБЫҚ ЖОЛ СӨЗДЕРІН ОҚУ.

6-жаттығу:СӨЗДЕРДІ ТОПТАРҒА БӨЛУ.

7- жаттығу: МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДІН, МАҒЫНАСЫЗ СӨЗДЕРДІ БӨЛУ.

8-жаттығу: ТЕКСТПЕН БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРДІ ІЗДЕУ.

9-жаттығу: ҮЛГІДЕГІ СӨЗГЕ СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СӨЗДЕРІ БАР КАРТОЧКАЛАРДЫ ІРІКТЕУ.

10-жаттығу: ТӨҢКЕРІЛГЕН ТЕКСТІ ОҚЫТУ.

11-жаттығу: СӨЗДЕРГЕ ТҮСІП ҚАЛҒАН ӘРІПТЕРДІ ТОЛТЫРУ.

12-жаттығу: СӨЙЛЕМДЕГІ ТҮСІРІЛІП ҚАЛҒАН СӨЗДЕРДІ ТОЛЫҚТЫРУ.

13-жаттығу: СӨЙЛЕМДЕГІ ЖЕКЕЛЕГЕН ӘРІПТЕРІ ТҮСІРІЛІП ҚАЛҒАН СӨЗДЕРДІ ТОЛЫҚТЫРУ.

Бұл жаттығудың алдыңғы жаттығудан ерекшелігі, мұнда сөйлемдегі түсіріліп қалған сөздің жекелеген әріптері көрсетіледі. Мысалы: Ойынды ұйымдастырушы ортаға әр топтан бір – бір баладан  ш..ы..ды. сөйлемдегі соңғы сөздің басты және соңғы әріпіне қарап  оқушы қандай әріптер түсіріліп қалғанын, қандай сөз екенін айтып  беруі керек (шығарады, шынығады, шақырады).

Жаттығулардағы ұсынылып отырған әдіс-тәсілдер оқу дағдысы төмен оқушылардың оқу жылдамдығын жетілдіреді, оқыған текстілерінің мазмұнын дұрыс түсініп, қабылдауына көмегін тигізеді.

Практикалық бөлім

1-тәсіл  “Пицца блюзге саяхат”   Қорытындылау, білім тиянақтау

Мақсаты : оқушылардың оқу дағдыларын арттыру,сөздерді буынға бөлу,дыбыстық талдау жасау

Пицца бөліктерінің артына жазылған сөздерді дұрыс оқу,фри картобының артындағы сөздерді буынға бөлу,сусынның артындағы сөзге дыбыстық талдау жасау сияқты әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып алдарындағы ыдыстарына салады. Ыдыстағы орындалған тапсырмалар санына  қарай бағаланады.

2-тәсіл: “ Жылжымалы карточкалар”

Әдетте сабақ басталғанға  дейін немесе үлкен үзілісте жүргіземін. Парақшаларға жазылған әр түрлі мәтіндерді оқып шығып,келесі балаға жылжытып отырады.

Мақсаты: оқу дағдыларын арттыру,дауыстап оқу,іштей оқу. Балалар ойнап,жарыса отырып,бірнеше мәтінді оқып шығады.

3-тәсіл: “Көңіл күймен оқу”

4-тәсіл: “Рольге бөліп оқу,сахналау” 5-тәсіл: “Тәтті тосынсыйлар”

6-тәсіл: “ Сынып кітапханасы”  “Оқуға құштар мектеп” аясында  сыныптағы әр бала қызықты бір кітап сатып алды. Жұптық жұмыс жүргізеді,екі оқушы өз кітаптарын оқып болған соң ,кітаптарын ауыстырады. Бір-біріне сұрақтар дайындайды.

7-тәсіл: «Төңкерілген мәтінді оқу»

8-тәсіл. «Оқымысты үзілістер»

9-тәсіл: «Жарыса оқу»

Жоғарыда айтылған жұмыстарды жүйелі жүргізе отыра мен мынадай нәтижеге жеттім деп айта аламын:

1.Сыныпта нормадан төмен оқитын оқушылар саны (жоқтың қасы.) азайды.

2. Оқу жылдамдығын арттырудың арқасында сабақта басқа да шығармашылық жұмыстардың жүргізілуі.

Сөзімді қорытындай келе аталған жаттығулар оқушының оқу жылдамдығын арттырып, оқуға деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Оқу процесі кезінде зейін қоюды және берілген материалды есте сақтауды дамытады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Ана тілі»пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы. 2021ж

2.С.Рахметова.Қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы:Ана тілі.

1991ж-184б.

3.Ш.Сәтиева.Оқушылардың оқу техникасын дамыту.Ұлағат.-2004№4.

4.О:А:Анрреев.Техника быстрого чтения.Ростов-на-Дону,2003.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *