Негізгі мазмұнға өту
Bilikti AI

Шолу

Сәлемдесу

Ресми бағдарламамен ҚМЖ, БЖБ/ТЖБ және жұмыс тексеру — бір жерде. Тіркелусіз бастауға болады.

Осы апта

Жалғастыру

ҚМЖ · №130 бұйрық нысаны · мақсаттар №399 бұйрықтан

Тақырыпты жазыңыз — ҚМЖ бір минутта дайын.

Оқу мақсаты ресми бағдарламадан кодымен қойылады, AI оны өзгерте алмайды. Тексеріп, түзетіп, Word-ты жүктейсіз.

✓ Тіркелусіз бастауға болады✓ 1–11-сынып, 41 пән бағдарламасы✓ Word, №130 нысанында

Нәтиже

Сіз осындай құжат аласыз

№130 бұйрықтың 4-қосымшасындағы нысан: жалпы мәліметтер кестесі, сабақ барысы (кезең, уақыт, педагог пен оқушы әрекеті, бағалау, ресурстар), критерийлер мен дескрипторлар.

  • Оқу мақсаты — ресми бағдарламадан, кодымен
  • Сабақ мақсаты үш деңгейде: барлығы / көпшілігі / кейбірі
  • Әр тапсырмаға дескриптор мен балл
  • Саралау және ерекше білім беру қажеттілігі
  • Times New Roman 12, кесте беттен бетке дұрыс ауысады

Үлгі: География, 7-сынып, «Атмосфераның құрамы» (7.3.2.1). Мазмұнын адам жазған — AI нәтижесінің пішінін көрсету үшін.

Жаңа · Электрондық кітапхана

Оқулықты ашыңыз — тақырыпты таңдаңыз — ҚМЖ дайын

Министрлік бекіткен тізбедегі 1–11-сынып оқулықтары: іздеу, сүзгі, таңдаулылар. Кітап пен ҚМЖ редакторы компьютерде қатар ашылады; бет нөмірін AI емес, сіз таңдайсыз.

Оқулықтарға өту
1 331
оқулық, ресми тізбеде
11
сынып
43
пән
90
баспа

Сабаққа материал

ҚМЖ дайын — енді сабақтың өзі

Бұл құралдар AI-сыз да жұмыс істейді: мазмұнды мұғалім жазады немесе дайын ҚМЖ-дан алынады.

Ресми оқу мақсаттары базада

5 189мақсат
№399 бұйрық · оқу бағдарламалары№130 бұйрық · ҚМЖ нысаныәдіскер тексеруі жүріп жатыр
Пән бағдарламасы
41
22 пән, бағыттарымен
Сынып жиынтығы
135
1–11-сыныптар
Тақырып жолы
4 389
ұзақ мерзімді жоспар
Сапа тексерісі
15+
уақыт, мақсат, тіл, дескриптор

Жылдам бастау

Қай сыныпқа сабақ дайындайсыз?

Бастауыш білім

1–4сынып

9 пән · бағдарламаны ашу →

Негізгі орта білім

5–9сынып

16 пән · бағдарламаны ашу →

Жалпы орта білім

10–11сынып

11 пән · бағдарламаны ашу →

Бір ҚМЖ қалай жасалады

Бастау →
  1. 1Тақырып ресми жоспарданСынып пен пәнді таңдасаңыз, тоқсан бойынша ұзақ мерзімді жоспардың тақырыптары шығады. Тарих пәндерінде зерттеу сұрағы да көрсетіледі.
  2. 2Мақсат — кодымен, өзгеріссізМысалы, 7.3.2.1 «атмосфераның құрамын сипаттайды». AI бұл мәтінді өзгерте алмайды: сервер әр нәтижені ресми базамен салыстырады.
  3. 3AI сабақ барысын құрадыКезеңдер, уақыт, педагог пен оқушы әрекеті, тапсырмалар, дескрипторлар, саралау, ерекше білім беру қажеттілігі.
  4. 4Сіз тексеріп, түзетесізКез келген бөлікті қолмен өзгертесіз немесе «Жеңілдету», «Топтық жұмыс» сияқты AI түзетуін салыстырып барып қабылдайсыз.
  5. 5Word — №130 нысанындаTimes New Roman 12, кестелер беттен бетке дұрыс ауысады, қолмен толтыратын өрістер бос қалады.

Ресми мәтін өзгермейді

Оқу мақсаттарының коды мен тұжырымы бағдарламадағыдай. Қолмен енгізілген мақсат құжатта бөлек белгіленеді.

AI шектеулі

AI тек сабақ барысын жазады. Мақсат, уақыт, тапсырма нөмірлері серверде тексеріледі, қате нәтиже қабылданбайды.

Ашық күй

Нақты AI қосылмаса, «Жүйе үлгісі (AI емес)» деп жазылады. Деректер базасы әдіскерлердің іріктеп тексеруінен өтіп жатыр.

Ұстаздық мұра

Ұлы ұстаздардың жолымен

Профильде өз аватарыңызды таңдаңыз

9 тұлға, 22 дереккөзі көрсетілген сөз — сабаққа эпиграф, слайд, «Кім айтты?» ойыны.

Ұлағатқа өту
«Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!»
Ыбырай Алтынсарин 1841–1889«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі
«Қайратсыз ашу – тұл, Тұрлаусыз ғашық – тұл, Шәкіртсіз ғалым – тұл.»
Абай Құнанбайұлы 1845–1904Қара сөздер, Отыз жетінші сөз
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы.»
Ахмет Байтұрсынұлы 1872–1937«Мектеп керектері» мақаласы
«Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім.»
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858–1931«Үш анық», «Сөз басы»

Баға

Бета кезінде тегін; тарифтер кейін жарияланады

Карта керек емес. Ақылы тариф енгізілсе, алдын ала жариялаймыз, ал жасаған ҚМЖ-ларыңыз сізде қалады. Мектепке немесе әкімдікке — пилот өтінімі.

Бета кезінде қолжетімді

  • ҚМЖ жасау — 1–11-сынып, ресми мақсаттармен
  • Word экспорты — кітаптық және альбомдық бет
  • AI түзетулері — жеңілдету, күрделендіру, топтық жұмыс
  • Сапа тексерісі — уақыт, мақсат, дескриптор, тіл
  • Оқу бағдарламасы — 5 189 мақсат, іздеу
  • Жеке кабинет — сақтау, көшіру, бейімдеу
  • Сабаққа материал — презентация, тапсырма, 7 ойын, 3D, әдістер
  • Тіркелусіз құралдар — ойын мен парақ сілтеме/Word арқылы

Сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқу мақсаттары қайдан алынады?

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларынан (adilet.zan.kz). Код пен тұжырым өзгертілмейді, AI оларды өзгерте алмайды. Мәтін ресми дереккөзден автоматты алынды, әдіскерлер іріктеп тексеріп жатыр.

ҚМЖ қай нысанда шығады?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 4-қосымшасындағы қысқа мерзімді жоспар нысанында, Word (DOCX) форматында. Кітаптық немесе альбомдық бетті таңдай аласыз.

AI жасаған жоспарды тексеру керек пе?

Иә. Мектептегі AI стандартына сай AI тек көмекші: жоспарды мұғалім тексеріп, бекітеді. Сайт уақытты, мақсатты, дескрипторларды және тілді автоматты тексеріп, кемшілікті көрсетеді, бірақ педагогикалық шешім — сіздікі.

Тіркелу міндетті ме?

Жоқ. Тіркелмей-ақ ҚМЖ жасап, Word-ты жүктей аласыз — құжат осы құрылғыда сақталады. Кірсеңіз, ҚМЖ-лар жеке кабинетте сақталып, кез келген құрылғыдан ашылады.

Оқушылардың деректері керек пе?

Жоқ, біз оқушылардың жеке деректерін жинамаймыз. Қосымша талап өрісіне оқушылардың аты-жөнін жазбаңыз.

Қандай пәндер мен сыныптар бар?

Қазақ тілінде оқытатын мектептердің 1–11-сыныптары: бастауыш, негізгі және жалпы орта білім (10–11-сыныпта ЖМБ мен ҚГБ бағыттары бөлек). Толық тізім «Оқу бағдарламасы» бетінде.

Оқулықтың PDF-і неге сайттың өзінде жоқ?

Оқулықтардың авторлық құқығы баспаларда. Каталог Министрлік бекіткен тізбеден (№216 бұйрық) алынған, ал сайт ішінде тек тарату рұқсаты анық жазылған басылымдар ашылады. Қалған оқулықты мектептен немесе баспаның ресми сайтынан алған өз PDF файлыңызбен ашасыз — файл тек сіздің құрылғыңызда сақталады.

Орыс тілінде оқытатын мектептерге бола ма?

Әзірге жоқ: қазір тек қазақ тілінде оқытатын мектептердің бағдарламалары қосылған. Орыс тілі кейінгі кезеңде.

Ертеңгі сабағыңыздың ҚМЖ-сы — қазір.

Тақырыпты жазыңыз, мақсатты таңдаңыз, Word-ты жүктеңіз.

ҚМЖ жасау