Елімізде биылдан бастап ғылымның даму моделі түбегейлі өзгереді. Жабық ғылыми зерттеу институттары ашық форматқа көшеді. Өйткені, ғылым саласына қызығушылық азайып кетті. Ғылыми зерттеу институттары қызметкерлерінің орташа жасы 59 болса, Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің орташа жасы 69-да. Бұл туралы Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек Алматыда өткен «Университет ғылымының дамуы» атты конференцияда айтты. Дамыған елдердің көбі өткен ғасырдың екінші жартысында ашық ғылым моделіне өткен. Министрдің мәліметінше, саланы дамытуға былтыр 59 млрд теңге бөлінсе, биылғы бюджет 168 млрд-қа жеткен. «Келер жылы 240 млрд теңге болады»,- деді сала жетекшісі. Ғылымды бизнеспен байланыстыру тәсілдері де қолға алынған. Енді өнертабысты қаржыландырған, өндірісте пайдаланған ірі компаниялар салықтық жеңілдікке ие болады. Осы бастамалар жастардың ғылымға бет Саясат Нұрбек, ҚР Жоғары білім және ғылым министрі: — 626 мың студентіміз бар қазіргі таңда. Олардың 92 пайызы бакалаврлар, 7% магистрлар, P&D доктаранттар бір пайызға да жетпейді. Бұл біздің жоғары білімнің оқытушы, зерттеуші емес қасиетін көрсетеді. Сондықтан осы жылдан бастап осы түбегейлі өзгертеміз жағдайды. ЖОО көбірек зерттеу университеті форматына көшіреміз. Сондай-ақ конференция барысында инновациялық технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Оған негізінен студенттер мен жас ғалымдардың медицина, биология, энергетика, жасанды интеллект және өндіріс саласына қатысты өнертабыстары қойылған.
Дереккөз: 24.kz