Түрлі салада жұмыс істеп, зерттеумен айналысқан қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы арқылы әлемнің үздік университеттерінде бір жыл бойы тағылымдамадан өтті. Олардың алғашқы легі оқып-тоқыған білімдерін қорғап, арнайы сертификат алды. 2021 жылы 416 ғалым стипендиант атанса, оның 156-сы АҚШ жоғарғы оқу орындарында білім алып, ел дамуына үлес қосуға дайын. Әлібек Ыдырысұлы, Биомедицина орталығының басшысы: — Еліміздегі ең үлкен мәселенің бірі еліміздің ғылыми жарияланымдарының рейтингі өте төмен. Саны мен сапасы да төмен. Осыны жоғарылату жолында мен арнаулы зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Арнаулы Scopus, web of science және Google scholar базаларынан еліміздің ғалымдарына қатысты бүкіл мәліметтерді алып соны өңдеу арқылы нақтылы ұсыныстар әзірледім. Биыл осы уақытты пайдалана отырып, 13 мақала жариялап, жақсы деңгейде аяқтап жатырмын.
Дереккөз: 24.kz