ЕҰУ Будапештік Корвин университетімен меморандумға қол қойды

Ұлттық жоғары оқу орны шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде. ЕҰУ Будапештік Корвин университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды деп хабарлайды bilikti.kz порталы ЕҰУ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар құжатты Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 8-отырысы шеңберінде бекітті.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Корвин университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Будапешт қаласында қол қойды. Халықаралық ынтымақтастық екі елдің студенттері мен ғалымдарына кең мүмкіндік береді. 

Тараптар жоғары білім беруді интернационалдандыру мақсатында ғылыми-білім беру қызметінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға келісті. Меморандум бірлескен ғылыми коллаборациялар мен жобалар құруды, зерттеу жұмыстарын жүргізуді, студенттер мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытуды көздейді.

Тараптар екі ел арасындағы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты және достықты нығайтуға күш салатынын атап өтті.

Айта кету керек, бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Сегед университетімен, Орталық еуропалық университетпен және Сент-Ишван университетімен бірлесе академиялық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жобалар іске асырылуда.

2021 жылы ЕҰУ-да венгр тілі орталығы ашылып, онда оқыту курстары өткізілуде. Сондай-ақ, оқу ордасында Stipendium Hungaricum бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттер мен венгриялық жоғары оқу орындарытүлектерінің Alumni клубы құрылды.

Бүгінде ЕҰУ-да әлемнің 29 елінің студенттері оқиды. Университет мүмкіндіктерді кеңейтіп, 400-ден астам шетелдік жоғары оқу орындарымен жемісті ынтымақтастық орнатқан. Өткен жылыҚырғызстанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды. 

Университет өзінің «ENU Students Ambassador» және «Welcome to ENU» тәрізді академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асыруда. Бұл қазақстандық студенттердің бір семестр бойы әлемнің үздік университеттерінде білім алуына, ал шетел азаматтарының ЕҰУ қабырғасында кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *