ЕҰУ, Қазақстан Ғарыш Сапары «Ғалам» ЖШС ғылыми әлеуетті дамыту үшін консорциум құрды

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Ғалам» ЖШС арасында консорциум құру туралы келісімге қол қойылды. Тараптар ғарыш саласы үшін кадрларды сапалы даярлауға жағдай жасауға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу әлеуетін бірлесе дамытуға ниетті.

Консорциум құру туралы келісімге ЕҰУ ректоры Еран Сыдықов және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Айымбетов қол қойды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Ғалам» ЖШС серпінді инновациялық технологияларды бірлесеәзірлеуді және коммерцияландыруды, білім беру процесінің өндіріспен интеграциясын дамытуды жоспарлап отыр. Консорциум аясында ЕҰУ-да «Ғарыштық техника және технологиялар»кафедрасының базасында докторантура ашылады.

«Біздің университет 10 жылдан астам уақыт бойы «Ғарыш техникасы және технологиялар»кафедрасында Қазақстанның ғарыш саласы үшін кадрлар даярлап келеді. Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилеватындағы ЕҰУ елдің ғарыш саласы үшін 500 жуық маман оқытты. Біздің университет «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясымен белсенді түрде жұмыс жүргізеді. Оның базасында ЕҰУ кафедрасының филиалы жұмыс істейді. Ұлттық компанияда студенттеріміз бенмагистранттарымыз өндірістік тәжірибеденжәне тағылымдамадан өтеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді«Қазақстан ғарыш сапары» мамандары және Айдын Ақанұлы біздің оқу ордамыздың қабырғасында дәріс береді», — деп атап өтті Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

​ Биыл ЕҰУ физика-техникалық факультетінде магистратура бойынша «Аэроғарыштық инженерия» және «Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары» деген екі жаңа білім беру бағдарламасы ашылады.

Сонымен қатар, университетте Қазақстанның ғарыш саласы үшін ғылыми кадрлар даярлаумақсатында диссертациялық кеңес құру жоспарлануда.

«Бүгін ерекше күн – білім беру өндіріспен кездесіп отыр. Бұл Қазақстанның және әлемдік қауымдастықтағы жетекші университеттерінің біріне айналған Еуразия ұлттық университетібасшылығының көмегі мен келісімінің арқасындамүмкін болып отыр. Сіздердің көптеген түлектеріңіз Үкіметте жұмыс істейді, ғылыми және қоғамдық жетекші қызметтерді атқарады.Америка ай бағдарламасын қайта бастады, Ресей мен Қытай да бұл бағытты дамытуда. Ғарыш мәселесі одан әрі өркендейдіБіз ЕҰУ таңдадық.Себебі оқу ордасында жақсы педагогикалық ұжым, тамаша база бар. Ғарыш техникасы мен технологиясы бойынша докторантураның ашылуы – үлкен кәсіби мамандарды даярлаудағы келесі қадамӨткен жылдың желтоқсан айында Астанада орналасқан құрастыру-сынау кешені пилоттық пайдалану үшін ашылды. Қазақстан өз серіктерін дайындай бастайды. Бұл тек бастамасы ғана», — деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Айымбетов.

Іс-шара аясында оқытушылар, жас ғалымдар мен студенттер ғылыми-танымдық кездесуде қонаққа ынтымақтастық туралы сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.

Кездесу соңында ректор «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Айымбетовке Ғылыми кеңестің шешімімен берілген «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Құрметті профессоры» атағын табыс етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *