Қазақстандық 5 мыңға жуық педагог біліктіліктерін сынады

 5 мыңға жуық педагог қатысқан «Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» республикалық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірнеше ай бойы мұғалімдердің барлығы тәжірибелерін, өз пәнін оқытудың инновациялық және авторлық тәсіллерін видеоға түсіріп, Youtube желісінде бөліскен.

«Нәтижесінде 67 адам жеңіске жетті. Байқауды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жыл сайын өткізіп келеді. Биыл қатысушылар саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда шамамен екі есеге көп», — деп жазды ведомстводан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *