Тіл тағдыры — Ел тағдыры

КММ Қанай орта мектебінде   Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай арналған «Тіл тағдыры-Ел тағдыры» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс жәнеағылшын тілдерінде өткізілді. Дүйсенбі күніапталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанаттыжиын Қазақстан Республикасының Әнұраныменашылды. Жиында сөз алған мектеп директорыҚажан Исатай Зайсанбекұлы және оқу ісінің меңгерушісі Рагизбаева Шинар Толегеновна тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жасжеткіншектердің жауапкершілігінде болатынміндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлімерекесімен құттықтады.

Мерекені пән мұғалімдері Садыкова Зауреш Тураровна, Далелхан Юра Шакирова Азиля Назархановна дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби шаралары оқушылардың білімдерімен жалғастырды.

Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймын. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» — деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Юра Далелхан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *