Тәуелсіздікке арнау

Ойлаушы ек адамзатты дос қана деп.
Бөлмедік әрбір ісін ақ қара деп.
Бабалар ,бала күннен үйрететін ,
Алаштың ала жібін аттама деп.
Білмеймін өзгерді ме заманымыз.
Барама бейімделіп ,адамымыз.
Көлденең көк тиынға құмарланып ,
Кеткендей күрт ашылып , аранымыз.!!
Қарасаң ,қиналасың айналаға.
( Біздікі ,әншейін жәй ,байбалам ә.?! )
Жемқорлық етек жайып бара жатыр ,
Қай өлке ,барсаң мейлі қай қалаға..!!
Болмасын білем түбі берекелі…
Белгілі бәрін тияр- заң екені.
Бұл неткен бәтуасыз дүние еді ,
Қарадан төре пәре дәметеді..
Шындықтың шыңына да шағынармыз…
Жақсылық жайсаң күнге жолығармыз.
Халықтың армандаған ақ таңы атып,
Жемқорлық дертінен де арылармыз.!!

Далелхан Юра
Қазақ тіл мен әдебиет мұғалімі
Ұлан ауданы Қанай орта мектебі «КММ»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *