1.Нормативтік негіз
Бұл бет Bilikti AI сервисінің ҚР Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №283-НҚ бұйрығымен бекітілген мектептегі жасанды интеллект стандартына қалай сай келетінін сипаттайды.
Бұйрықтың атауы, күні, нөмірі және нақты талаптары ресми дереккөзбен (adilet.zan.kz) салыстырылып тексерілуі керек. Төменде тек стандарттың жалпы қағидалары мен сервисте нақты іске асқан шешімдер келтірілген — бұйрықтың баптарына тікелей сілтеме заңгер тексергеннен кейін қосылады.
2.Қағида → сервисте қалай жасалған
AI — тек көмекші құрал
- AI жасаған ҚМЖ, тапсырма, БЖБ/ТЖБ — өңделетін жоба; мұғалім кез келген өрісті өзгерте алады.
- Word құжатының соңында: «Пайдаланар алдында мұғалім тексеріп, бекітуі қажет» деген ескерту.
- AI қосылмаған кезде нәтиже «Жүйе үлгісі (AI емес)» деп анық белгіленеді — AI жасағандай көрсетілмейді.
Мұғалім тексереді және бекітеді
- Жұмысты тексеруде AI тек балл ұсынады; әр дескрипторға мұғалім өз баллын қоймайынша жұмыс «бекітілді» күйіне өтпейді (серверде тексеріледі).
- Бекітілмеген тексеру нәтижесі экспортта «бекітілмеген жоба» деп белгіленеді.
- QR-сессияда таңдау және қысқа жауаптар AI-сыз, жауап кілтімен салыстырылады; ашық жауапты мұғалім бағалайды.
Оқушының дербес деректері AI-ға жіберілмейді
- Оқушы тек бүркеншік белгімен белгіленеді; 6+ цифрлы тізбек (ЖСН, телефон) белгі ретінде қабылданбайды.
- ҚМЖ сұрауына мұғалімнің аты-жөні мен мектебі де қосылмайды — тек пән, сынып, тақырып, оқу мақсаттары.
- Жұмыс фотосы AI-ға тек мұғалімнің әр жолғы айқын келісімімен жіберіледі және серверде сақталмайды.
Ресми мазмұн, AI ойдан шығармайды
- Оқу мақсаттары №399 бұйрықтағы үлгілік бағдарламалардан кодымен қойылады; AI оларды өзгерте алмайды.
- ҚМЖ — №130 бұйрық нысанында; БЖБ/ТЖБ балл шектері — №257-НҚ бұйрық бойынша автоматты тексеріледі.
- AI оқулықтың бет нөмірін жазса, жүйе мұғалімге «оқулықпен салыстырыңыз» деп ескертеді.
Оқушыға жауап кілті жетпейді
- Оқушы парағы мен мұғалім кілті — бөлек файлдар.
- QR-сессиядағы оқушыға арналған дерекқор рөлі жауап кілті бар бағанды мүлде оқи алмайды.
3.Шектеулер — ашық айтамыз
- AI қате жіберуі мүмкін: дескриптор, мысал, есеп шешімі немесе тіл қатесі. Автоматты тексерістер барлық қатені таппайды.
- Оқу бағдарламаларының мәтіні ресми дереккөзден автоматты алынған; әдіскерлер іріктеп тексеріп жатыр.
- Мұғалім еркін мәтін өрісіне оқушының атын жазса, жүйе оны толық тани алмайды — сондықтан бұл ережені мұғалім сақтайды.
- Бета кезеңде AI провайдері қосылмаған болуы мүмкін — онда ҚМЖ «Жүйе үлгісі (AI емес)» ретінде жасалады және AI нәтижесі ретінде көрсетілмейді.
4.Мектеп басшыларына
Мектепте пилот жүргізгіңіз келсе немесе осы сәйкестік туралы қосымша түсіндірме керек болса — пилот өтінімі. Деректерді өңдеу туралы толығырақ: Құпиялылық саясаты.