№399 бұйрық · 59-қосымша · қазақ тілінде оқыту
Биология · 8-сынып: оқу бағдарламасы
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.
1-тоқсан
Жасушалық биология
Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, рибосомалар, Гольджи аппараты, вакуоль
ҚМЖ жасау- 8.4.2.2прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер ұлпаларын жіктеу". Зертханалық жұмыс "Жануарлар ұлпаларын жіктеу"
ҚМЖ жасау- 8.4.2.1Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау
Молекулалық биология
Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық
ҚМЖ жасау- 8.4.1.1биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау
Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық пен хитиннің маңызы және қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі. Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз
ҚМЖ жасау- 8.4.1.2көмірсулар мен липидтің құрылымы мен биологиялық қызметтерін сипаттау
Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері
ҚМЖ жасау- 8.4.1.3нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі
Тірі ағзалардың көп түрлілігі
Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар
ҚМЖ жасау- 8.1.1.1балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдыар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар
ҚМЖ жасау- 8.1.1.2саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау
Зертханалық жұмыс "Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу"
ҚМЖ жасау- 8.1.1.3даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату
Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама. Демонстрация "Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау"
ҚМЖ жасау- 8.1.1.4буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану
Қоректену
Жауын құртының, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы. Модельдеу "Адамның, сиырдың және жауынқұртының" асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
ҚМЖ жасау- 8.1.2.1омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр) жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы. Адамның асқорыту жолдарының құрылысы. Асқорыту бездері. Асқорыту мүшелерінің қызметі
ҚМЖ жасау- 8.1.2.2тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау
- 8.1.2.3адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау
Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт ауруларының алдын алу
ҚМЖ жасау- 8.1.2.4асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану себебін ашу
Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз. А авитаминоздағы ақшам соқыр, В1 авитаминоздағы бери – бери ауруы, С авитаминоздағы қырқұлақ, Д авитаминоздағы мешел аурулары. Зертханалық жұмыс "
ҚМЖ жасау- 8.1.2.5адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
- 8.1.2.6құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түлік тізімін жасау
- 8.1.2.7азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау
2-тоқсан
Заттардың тасымалдануы
Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы. Лимфа. Лимфа айналымы мен оның маңызы. Гомеостаз.Ағзаның ішкі ортасы: қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы
ҚМЖ жасау- 8.1.3.5лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау
Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық
ҚМЖ жасау- 8.1.3.1қан құрамы мен қызметін сипаттау
Зертханалық жұмыс "Әр түрлі ағзалардың қан жасушаларын зерттеу". Қан жасушаларын формасына, мөлшеріне, санына және ядросының болуына қарай салыстыру
ҚМЖ жасау- 8.1.3.2дайын микропрепараттар арқылы әр түрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу
Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т – және В- лимфоциттердің әрекет етуі
ҚМЖ жасау- 8.1.3.3лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау
- 8.1.3.4гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру
Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу: амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес
ҚМЖ жасау- 8.4.3.1қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау және алдын алу шараларын сипаттау
Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет. Екпенің (вакцина) түрлері және оның жасанды иммунитетті қалыптастырудағы маңызы. Жұқпалы аурулардың алдын алу
ҚМЖ жасау- 8.1.3.6аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау
Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт
ҚМЖ жасау- 8.1.3.7агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру
Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі
ҚМЖ жасау- 8.1.3.8жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау
- 8.1.3.9қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату
Қантамырлар жүйесінің түрлері. Ашық және тұйық қанайналым жүйелері. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі
ҚМЖ жасау- 8.1.3.10жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау
Зертханалық жұмыс "Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу"
ҚМЖ жасау- 8.1.3.11дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт). Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау т.б
ҚМЖ жасау- 8.1.3.12қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау
Тыныс алу
Альвеола мен қан арасындағы газ алмасу. Өкпедегі қанның оттекке қанығуы. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу. Қанның көмірқышқыл газына қанығуы, жасушаның оттекке қанығуы
ҚМЖ жасау- 8.1.4.1өкпе мен ұлпадағы газалмасу механизмдерін сипаттау
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі
ҚМЖ жасау- 8.1.4.2тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру
Тыныс алудың минуттық көлемі. Әр түрлі жастағы, физикалық дамыған, ер және әйел адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы. Тынысалу қозғалыстарының жиілігі. Шылым шегудің өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсері. Зертханалық жұмыс "Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу"
ҚМЖ жасау- 8.1.4.3өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
3-тоқсан
Бөліп шығару
Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері)
ҚМЖ жасау- 8.1.5.1адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау
- 8.1.5.2бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі
ҚМЖ жасау- 8.1.5.3терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау
Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу бөртпелері,). Белгілері мен алдын алу шаралары
ҚМЖ жасау- 8.1.5.4тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру
Қозғалыс. Биофизика
Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі
ҚМЖ жасау- 8.1.6.1тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау
Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы. Зертханалық жұмыс "Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы". Демонстрация "Сүйектің химиялық құрамы"
ҚМЖ жасау- 8.1.6.2сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу
Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы
ҚМЖ жасау- 8.1.6.3сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру
Буынның құрылысы және қызметтері. Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес бейімделуі
ҚМЖ жасау- 8.1.6.4буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату
Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі (бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек). Зертханалық жұмыс "Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу" Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу
ҚМЖ жасау- 8.1.6.5бұлшық ет ұлпасының түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау
- 8.1.6.6адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану
Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары
ҚМЖ жасау- 8.1.6.7гиподинамия салдарын атау
- 8.1.6.8сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау
Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшықеттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер
ҚМЖ жасау- 8.4.4.1тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін зерттеу
Координация және реттелу
Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы. Зертханалық жұмыс "Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу"
ҚМЖ жасау- 8.1.7.1көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау
Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы. Зертханалық жұмыс "Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу". (құлақтың есту қабілетін анықтау)
ҚМЖ жасау- 8.1.7.2дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасының ережелерін сипаттау
Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс "Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі"
ҚМЖ жасау- 8.1.7.3көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру
"Гормондар", "Гуморальдық реттелу" ұғымдары. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасуы және қызметі. Бездерден бөлінетін гормондар
ҚМЖ жасау- 8.1.7.4эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау
- 8.1.7.5бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру
Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо- және гиперфункция)
ҚМЖ жасау- 8.1.7.6эндкриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау
Адам денесінде орналасқан тері рецепторлары (терморецепторлар, механорецепторлар, ноцицептор-лар). Зертханалық жұмыс "Тері сезімталдығын зерттеу"
ҚМЖ жасау- 8.1.7.7терінің сезімталдығын зерттеу
Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің ролі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі
ҚМЖ жасау- 8.1.7.8жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің ролін сипаттау
4-тоқсан
Көбею
Митоз. Мейоз. Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы
ҚМЖ жасау- 8.2.2.1тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру
Жануарлардың көбею формалары. Жыныссыз көбею типтері. Жынысты көбею
ҚМЖ жасау- 8.2.1.1жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру
Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит
ҚМЖ жасау- 8.2.1.2мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі
ҚМЖ жасау- 8.2.1.3ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру
Өсу және даму
Эмбрионалдық даму кезеңдері: бластула, гаструла, нейрула. Ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануы. Органогенез
ҚМЖ жасау- 8.2.3.1эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау
- 8.2.3.2әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттау
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс
ҚМЖ жасау- 8.2.4.1тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу
Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлері
ҚМЖ жасау- 8.2.4.2ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары
ҚМЖ жасау- 8.2.4.3мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу
Қазақстан территориясында кездесетін егістік дақылдар мен үй жануарларының қолтұқымдары. Маңызды белгілер
ҚМЖ жасау- 8.2.4.4маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары қолтұқымын сипаттау
Биосфера, экожүйе, популяция
Экожүйелердің компоненттері. Су және құрлық экожүйелері. Модельдеу "Су және құрлық экожүйелерін салыстыру"
ҚМЖ жасау- 8.3.1.1экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау
- 8.3.1.2су және құрлық экожүйелерін салыстыру
Популяцияның құрылымының негізгі сипаттамалары және ерекшеліктері. Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдері. (Тіршілікті сақтаудың К және r стрпатегиялары). "Жыртқыш-жемтік" қарымқатынас түрі. Популяция санының өзгеруі
ҚМЖ жасау- 8.3.1.3популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау
- 8.3.1.4ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдерін зерттеу
- 8.3.1.5жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін анықтау
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері. Ағзалардың тікелей және жанама қарымқатынас түрлері. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне ағзалардың бейімделуі
ҚМЖ жасау- 8.3.1.6тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
- 8.3.1.7тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Адамның табиғаттағы ролі. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты қорғау. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау. Дүниежүзілік Тұқым қоры
ҚМЖ жасау- 8.3.2.1биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептеріннегіздеу
- 8.3.2.2Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Себептері мен салдарлары. Оларды шешу жолдары
ҚМЖ жасау- 8.3.2.3Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру