Негізгі мазмұнға өту
Bilikti AI

7-сынып

№399 бұйрық · 59-қосымша · қазақ тілінде оқыту

Биология · 7-сынып: оқу бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.

66 оқу мақсаты49 тақырыпәдіскер тексеруі күтілудеДереккөз: adilet.zan.kz ↗ Іздеу және сүзу

1-тоқсан

  1. Экожүйелер

    Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер). Зертханалық жұмыс "Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)"

    ҚМЖ жасау
    • 7.3.1.1жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
  2. Қоректік тізбектер және қоректік торлар. Модельдеу "Қоректік тізбек пен торды құру"

    ҚМЖ жасау
    • 7.3.1.2табиғи қоректік тізбектерді салыстыру
    • 7.3.1.3қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру
  3. Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы

    ҚМЖ жасау
    • 7.3.1.4экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау
  4. Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор

    ҚМЖ жасау
    • 7.3.2.1адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау
  5. Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері

    ҚМЖ жасау
    • 7.3.2.2экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру
  6. Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары

    ҚМЖ жасау
    • 7.3.2.3Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сипаттау
  7. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері

    ҚМЖ жасау
    • 7.3.2.4жергілікті өңірдің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру
  8. Тірі ағзаларды жүйелеу

    Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.1жүйелеудің маңызын түсіндіру
    • 7.1.1.2жүйелеуде тірі ағзалардың орынын анықтау
  9. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.3омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін сипаттау
  10. Дихотомиялықәдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.4жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану
  11. Жасушалық биология Су және органикалық заттар

    Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға

    ҚМЖ жасау
    • 7.4.2.1"жасуша", "ұлпа", "мүше", "мүшелер жүйесі" туралы түсініктер
    • 7.4.2.2өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату
  12. Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі. Зертханалық жұмыс "Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу". Микро- (мырыш,

    ҚМЖ жасау
    • 7.4.1.1судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын сипаттау
    • 7.4.1.2тірі ағзалар тіршілік әрекеттері үшін микро- және макроэлементтердің ролін сипаттау
  13. Азық-түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс "Азық-түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 7.4.1.3азық түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін дәлелдеу
  14. Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі жәнефосфорлы)

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.4жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану

2-тоқсан

  1. Заттардың тасымалдануы

    Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.3.1тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру
    • 7.1.3.2өсімдіктерде заттардың тасымалын қамтамасыз ететін мүшелерді танып білу
  2. Сабақ және тамыр. Сабақтың ішкі құрылысы: қабық, камбий, сүрек, өзек. Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтары. Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Зертханалық жұмыс "Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу". Зертханалық жұмыс "Тамыр аймақтарын зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.3.3тамыр және сабақтың ішкі құрылысын зерттеу
    • 7.1.3.4тамыр және сабақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты сипаттау
  3. Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.3.5флоэма мен ксилеманың элементтерін құрылысын салыстыру
  4. Жануарлардағы қанайналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.3.6жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу
  5. Тірі ағзалардың қоректенуі

    Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.2.1жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру
  6. Фотосинтезге қажетті жағдайлар. Зертханалық жұмыс "Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.2.2фотосинтезге қажетті жағдайларды зерттеу
  7. Тыныс алу

    Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты. Анаэробты және аэробты тынысалуды салыстыру: оттегінің қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс, жылықанды/суыққанды жануарлар

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.4.1тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттау
    • 7.1.4.2анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату
  8. Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы мысалында Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер-дің тынысалуын зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.4.3өсімдіктердегі тыныс алуды зерттеу
  9. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүше-лері (бунақденелілердің демтүтік-тері, балықтарының желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі). Модельдеу "Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесі мүшелерін салыстыру"

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.4.4омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыру
  10. Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.4.5адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу
  11. Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелері ауруларының себептері мен олардың алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау)

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.4.6тыныс алу мүшелері ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын түсіндіру

3-тоқсан

  1. Бөліп шығару

    Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.5.1ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру
  2. Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.5.2өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу
  3. Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.5.3омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру
  4. Қозғалыс

    Өсімдіктердің қозғалысы. Қозға-лыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалар

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.6.1өсімдіктердің қозғалысы себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау
    • 7.1.6.2жарықтың өсімдіктердің дамуына әсерін түсіндіру
    • 7.1.6.3өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау
  5. Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыстәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.6.4омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру
  6. Координация және реттелу

    Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.7.1жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру
  7. Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.7.2жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау
    • 7.1.7.3жүйке жасушасының компоненттерін анықтау
  8. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.7.4орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру
  9. Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі. Зертханалық жұмыс "Тізе рефлексі"

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.7.5рефлекстік доғаны зерттеу
  10. Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғыты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.7.6мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру
  11. Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.7.7вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау
  12. Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Күйзеліс. Күйзеліс жағдайларымен күрес және олардың алдын алу әдістері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.7.8ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру
    • 7.1.7.9жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың принциптерін түсіндіру
  13. Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.7.10жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсерін түсіндіру

4-тоқсан

  1. Тұқымқуалау мен өзгергіштік

    Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі. Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.. Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік. Модельдеу "Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 7.2.4.1адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу
    • 7.2.4.2үздік және үздіксіз өзгергіштікті атау
    • 7.2.4.3белгілерді анықтаудығы гендердің рөлін түсіндіру
    • 7.2.4.4хромосомадағы генетикалық ақпарат дезоксирибонуклеин қышқылы рөлін түсіндіру
  2. Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны. Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиыны

    ҚМЖ жасау
    • 7.2.2.1әртүрлі ағзалардағы хромосомалардың санын салыстыру
    • 7.2.2.2соматикалық және жыныс хромосомаларындағы хромосомалар санының әртүрлілігін түсіндіру
  3. Көбею. Өсу және даму

    Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 7.2.1.1өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюін сипаттау
  4. Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері"

    ҚМЖ жасау
    • 7.2.1.2өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру
  5. Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 7.2.1.3өздігінен және айқас тозаңданудың шамалы артықшылықтарын сипаттау
    • 7.2.1.4гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау
  6. Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдері. Бөліну, өсу, көбею, қартаю. Өсімдіктердің өсуі. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар. Зертханалық жұмыс "Жылдық сақинаны санау"

    ҚМЖ жасау
    • 7.2.3.1ағзалардың өсу және даму үдерістерін сипаттау
    • 7.2.3.2өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерістерін зерттеу
  7. Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері. Бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуына мысалдар. Модельдеу "Жануарлардағы онтогенез типтерін салыстыру"

    ҚМЖ жасау
    • 7.2.3.3өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдерін ажырату
    • 7.2.3.4жануарлардағы тура және тура емес онтогенез типтерін салыстыру
  8. Микробиология және биотехнология

    Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Зертханалық жұмыс "Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру" Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы түйнек бактериялары

    ҚМЖ жасау
    • 7.4.3.1бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау
  9. Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы. Зертханалық жұмыс "Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 7.4.3.2ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу
  10. Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. Зертханалық жұмыс "Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 7.4.3.3антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау
  11. Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері

    ҚМЖ жасау
    • 7.4.3.4вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру