№399 бұйрық · 54-қосымша · қазақ тілінде оқыту
Геометрия · 8-сынып: оқу бағдарламасы
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.
1-тоқсан
Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш
ҚМЖ жасау- 8.1.1.1көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу
- 8.1.1.2көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару
Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері
ҚМЖ жасау- 8.1.1.3параллелограмм анықтамасын білу
- 8.1.1.4параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану
- 8.1.1.5параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану
- 8.1.1.6тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару
Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер
ҚМЖ жасау- 8.1.1.7Фалес теоремасын білу және қолдану
- 8.1.1.8пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану
- 8.1.1.9циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу
- 8.1.1.10пропорционал кесінділерді салу
Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері. Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары
ҚМЖ жасау- 8.1.1.11трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу
- 8.1.1.12үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану
- 8.1.1.13трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану
Үшбұрыштың тамаша нүктелері
ҚМЖ жасау- 8.1.3.1үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану
2-тоқсан
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы
ҚМЖ жасау- 8.1.3.2бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу
- 8.1.3.3Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану
- 8.1.3.4тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
ҚМЖ жасау- 8.1.3.21Пифагор теоремасын пайдаланып, sin2 a + cos2 a = 1 формуласын қорытып шығару және есептер шешуде қолдану
- 8.1.3.22негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығару және қолдану
- 8.1.3.23бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану
- 8.1.3.24sin a , cos a , tg a және ctg a -ның мәндерін олардың біреуінің берілген мәні бойынша табу
- 8.1.3.5бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу
Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу
ҚМЖ жасау- 8.1.3.6тікбұрышты үшбұрышты 300, 450, 600 -қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін табу үшін қолдану
- 8.1.3.7тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану
- 8.1.3.8берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу
3-тоқсан
Аудан
Фигураның ауданы және оның қасиеттері
ҚМЖ жасау- 8.1.3.9көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу
- 8.1.3.10тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу
Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары
ҚМЖ жасау- 8.1.3.11параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
- 8.1.3.12үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
- 8.1.3.13трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
4-тоқсан
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Жазықтықтағы координаталар әдісі
ҚМЖ жасау- 8.1.3.14жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу
- 8.1.3.15кесінді ортасының координаталарын табу
- 8.1.3.16кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу
- 8.1.3.17центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін (x - a)2 + (y - b)2 = r2 білу
- 8.1.3.18берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу
- 8.1.3.19түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ax + by + c = 0
Мәтін есептерді шығару
ҚМЖ жасау- 8.1.3.20координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару