№399 бұйрық · 54-қосымша · қазақ тілінде оқыту
Геометрия · 9-сынып: оқу бағдарламасы
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.
1-тоқсан
Жазықтықтағы векторлар
Вектор. Векторларға амалдар қолдану. Коллинеар және коллинеар емес векторлар
ҚМЖ жасау- 9.1.4.1вектордың, коллинеар векторлардың, тең векторлардың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың және вектор ұзындығының анықтамаларын білу
- 9.1.4.2векторларды қосу, векторды санға көбейту ережелерін білу және қолдану
- 9.1.4.4векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу
- 9.1.4.5екі вектордың арасындағы бұрыштың анықтамасын білу
- 9.1.4.6векторлардың скаляр көбейтіндісін табу
- 9.1.4.7есептерді векторлық әдіспен шешу
Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану
ҚМЖ жасау- 9.1.3.1вектордың координаталарын табу
- 9.1.3.2вектордың ұзындығын табу
- 9.1.4.3векторлардың коллинеарлық шартын қолдану
- 9.1.3.3координаталарымен берілген векторларға амалдар қолдану
- 9.1.3.4векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін білу және қолдану
- 9.1.3.5векторлар арасындағы бұрышты есептеу
Есептерді шешуде векторларды қолдану
ҚМЖ жасау- 9.1.4.19векторды есептер шығаруда қолдану
2-тоқсан
Жазықтықтағы түрлендірулер
Қозғалыс және оның қасиеттері
ҚМЖ жасау- 9.1.4.8қозғалыстың түрлерін, композициясын және олардың қасиеттерін білу
- 9.1.4.9симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу
- 9.1.4.10жазықтықта түрлендіруді қолдана отырып есептер шығару
Гомотетия және оның қасиеттері
ҚМЖ жасау- 9.1.4.11гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін білу
- 9.1.4.12гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу
Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері
ҚМЖ жасау- 9.1.4.13ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін білу
- 9.1.4.14үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін білу және қолдану
- 9.1.4.15тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығын білу және қолдану
- 9.1.4.16үшбұрыш биссектрисасының қасиетін білу және қолдану
- 9.1.4.17ұқсас фигуралардың аудандары және ұқсастық коэффициенті арасындағы тәуелділік формуласын білу
3-тоқсан
Үшбұрыштарды шешу
Үшбұрыштарды шешу
ҚМЖ жасау- 9.1.3.6косинустар теоремасын білу және қолдану
- 9.1.3.7синустар теоремасын білу және қолдану
- 9.1.2.3дұрыс көпбұрыштарды салу
- 9.1.3.8іштей сызылған үшбұрыштың ауданын ( , мұндағы a, b, c – үшбұрыштың қабырғалары, R – сырттай сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының (S = p . r, мұндағы r – іштей сызылған шеңбер радиусы, p - көпбұрыштың жарты периметрі) формуларын білу және қолдану
- 9.1.3.9шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын білу және қолдану
- 9.1.3.10синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолдану
4-тоқсан
Шеңбер. Көпбұрыштар
Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары
ҚМЖ жасау- 9.1.1.1доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану
- 9.1.1.2сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару және қолдану
- 9.1.1.3іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін білу
- 9.1.1.4дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды білу және қолдану
Дұрыс көпбұрыштар, олардың қасиеттері және симметриялары
ҚМЖ жасау- 9.1.2.1шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін білу және қолдану
- 9.1.2.2дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын және қасиеттерін білу
- 9.1.2.4дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланысты білу және қолдану
- 9.1.2.5дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды білу және қолдану
- 9.1.2.6үшбұрыш медианаларының қасиеттерін білу және қолдану
- 9.1.4.18дұрыс көрбұрыштардың симметрияларын білу