Негізгі мазмұнға өту
Bilikti AI

7-сынып

№399 бұйрық · 54-қосымша · қазақ тілінде оқыту

Геометрия · 7-сынып: оқу бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.

51 оқу мақсаты18 тақырыпәдіскер тексеруі күтілудеДереккөз: adilet.zan.kz ↗ Іздеу және сүзу

1-тоқсан

  1. Геометрияның алғашқы мәліметтері

    Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома. Теорема

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.1планиметрияның негізгі фигураларын білу: нүкте, түзу
    • 7.1.1.5кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу
    • 7.1.1.2нүктелер мен түзулердің тиістілік аксиомаларын білу және қолдану
    • 7.1.1.3аксиоманың теоремадан айырмашылығын түсіну: теореманың шарты мен қорытындысын ажырату
    • 7.1.2.1нүктелердің түзу мен жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы)
    • 7.1.1.6кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану
    • 7.1.1.8кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын білу және қолдану
    • 7.1.1.11берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу
    • 7.1.2.2түзулердің параллельдік аксиомасын білу
  2. Фигуралар теңдігі

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.7тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану
  3. Теореманы дәлелдеу әдістері: тура дәлелдеу және "кері жору" әдісі

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.4теоремаларды дәлелдеу әдістерін білу: тура дәлелдеу және "кері жору" әдістері
  4. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.9сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу
    • 7.1.1.10сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
    • 7.1.1.32перпендикуляр ұғымын біледі

2-тоқсан

  1. Үшбұрыштар

    Үшбұрыш және оның түрлері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.13үшбұрыштардың түрлерін ажырату
  2. Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі және орта сызығы

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.14теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу
    • 7.1.1.12үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу
    • 7.1.1.15сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру
  3. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.21үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу
    • 7.1.1.22үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану
  4. Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.23теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану
    • 7.1.1.24теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану

3-тоқсан

  1. Түзулердің өзара орналасуы

    Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.2.3екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу
    • 7.1.2.4түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу
    • 7.1.2.5түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану
    • 7.1.2.6параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу
    • 7.1.2.7параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану
  2. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.16үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу
    • 7.1.1.17үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану
    • 7.1.1.18үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу
    • 7.1.1.19үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану
  3. Үшбұрыш теңсіздігі

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.20үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану
    • 7.1.3.1үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану
  4. Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері. Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.25тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдеу
    • 7.1.1.26тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану
    • 7.1.1.27тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдану
  5. Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.2.8перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру
    • 7.1.2.9нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану
    • 7.1.2.10перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану

4-тоқсан

  1. Шеңбер. Геометриялық салулар

    Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.1.28шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу
    • 7.1.1.29центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану
    • 7.1.1.30шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану
    • 7.1.1.31нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу
  2. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.2.12түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау
  3. Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.2.11шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу
    • 7.1.2.13есептер шығаруда шеңбер жанамасының қасиеттерін білу және қолдану
  4. Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.2.14үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын білу
    • 7.1.2.15үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлерінің орналасуын түсіндіру
  5. Салу есептері

    ҚМЖ жасау
    • 7.1.2.16берілген бұрышқа тең бұрыш салу, бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу
    • 7.1.2.17кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салу
    • 7.1.2.18берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу