Негізгі мазмұнға өту
Bilikti AI

11-сынып

№399 бұйрық · 114-қосымша · жаратылыстану-математикалық бағыт · қазақ тілінде оқыту

Биология (ЖМБ) · 11-сынып: оқу бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.

38 оқу мақсаты38 тақырыпәдіскер тексеруі күтілудеДереккөз: adilet.zan.kz ↗ Іздеу және сүзу

1-тоқсан

  1. Молекулярлық биология және биохимия

    Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиген мен антидененің әрекеттесуі

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.1.1антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру
  2. Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Фишердің теориясы. Ферменттердің иммобилизациясы

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.1.2фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру
  3. Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі. Дәрілік препараттар мен ауыр металдар иондарының ферменттердің белсенділігіне әсері

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.1.3ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуін салыстыру
  4. Транскрипция. Премрибонуклеин қышқылы посттранскрипциялық модификациясы

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.1.4нәруыз биосинтезі үдерісіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттау
  5. Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.1.5генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру
  6. Қоректену

    Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Rf мәні. №1 зертханалық жұмыс "Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.2.1хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
  7. Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.2.2фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
  8. Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.2.3фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
  9. Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.2.4фотосинтездің шектеуші факторларын түсіндіру
  10. Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.2.5фотосинтез және хемосинтез үдерістерінің ерекшеліктерін салыстыру
  11. Заттардың тасымалдануы

    Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.3.1өсімдіктердегі заттар транслокациясы механизмін түсіндіру
  12. Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.3.2заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру
  13. Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.3.3жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалының әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіру
  14. Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.3.4мембраналық потенциалды сақтаудағы активті тасымалдың маңызын анықтау

2-тоқсан

  1. Координация және реттелу

    Биологиядағы басқару жүйесі. "Басқару жүйесі" ұғымы

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.7.1биологиядағы басқару жүйесін сипаттау
  2. Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.7.2гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру
  3. Өсіргіш заттар. Ауксин мен гибериллиннің әсері

    ҚМЖ жасау
    • 11.1.7.3өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін түсіндіру
  4. Көбею

    Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары

    ҚМЖ жасау
    • 11.2.1.1адам гаметогенезінің сызбасын талдау
  5. Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру

    ҚМЖ жасау
    • 11.2.1.2сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру
  6. Өсу және даму

    Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі

    ҚМЖ жасау
    • 11.2.3.1бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру
  7. Тұқым Қуалаушылықпенөзгергіштік заңдылықтары

    Дезоксирибонуклеинқышқылыныңкездейсоқ мутациясы. Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық үдерістердің қателері

    ҚМЖ жасау
    • 11.2.4.1мутациялардың дезоксирибонуклеинқышқылы репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы арасындағы байланысын табу
  8. "Адам геномы" жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ын секвенирлеу

    ҚМЖ жасау
    • 11.2.4.2"Адам геномы" жобасының маңызын талқылау

3-тоқсан

  1. Жасушалық биология

    Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. №2 зертханалық жұмыс "Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау"

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.2.1микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау
  2. Биотехнология

    Микробиологиялық зерттеулердің кезеңдері. Микроағзалармен жұмыс жасағандағы дезинфекциялау және стерильдеу әдістері. №3 зертханалық жұмыс "Сүтқышқылды өнімдердің түрлі қоректік ортадағы микрофлорасын зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.3.1микробиологиялық зерттеу кезеңдерін сипаттау және түсіндіру
  3. Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.3.2грамм оң және грамм теріс бактерияларды салыстыру
  4. "Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы" ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы алу тәсілдері. Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. "Клондау" ұғымы

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.3.3рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы алу тәсілдерін түсіндіру
  5. Ағзаларды клондау тәсілдері

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.3.4ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру
  6. Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.3.5ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау
  7. Биомедицина және биоинформатика

    Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.4.1электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру
  8. Эпигенетика туралы жалпы түсініктер. Адамдағы эпигенетикалық салдарлар

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.4.2гендердің реттілігін бұзбайтын, гендерді реттеудің механизмін зерттеудегі эпигенетиканың маңызын түсіндіру
  9. "Биоинформатика" ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.4.3биоинформатиканың ролін сипаттау
  10. Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі және оның маңызы. Экстракорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.4.4экстракорпоральды ұрықтандыру әдісінің маңызын түсіндіру
  11. Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу

    ҚМЖ жасау
    • 11.4.4.5ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклоналды антиденелерді қолдануды түсіндіру

4-тоқсан

  1. Биосфера, экожүйе, популяция

    Экологиялық пирамидалар. Трофикалық деңгейлер. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық есептер шешу

    ҚМЖ жасау
    • 11.3.1.1экологиялық пирамида ережесін түсіндіру
  2. Түрлердің алуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы

    ҚМЖ жасау
    • 11.3.1.2экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату
  3. Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. №4 зертханалық жұмыс "Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз регионы экожүйесінің жағдайын анықтау"

    ҚМЖ жасау
    • 11.3.1.3өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін (Стьюденттің t-критерийі, c 2-критерий) қолданып зерттеу
  4. Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

    Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу "Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу"

    ҚМЖ жасау
    • 11.3.2.1мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау
  5. Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары

    ҚМЖ жасау
    • 11.3.2.2Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып білу және шешу жолдарын ұсыну