№399 бұйрық · 114-қосымша · жаратылыстану-математикалық бағыт · қазақ тілінде оқыту
Биология (ЖМБ) · 10-сынып: оқу бағдарламасы
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.
1-тоқсан
Молекулалық биология және биохимия
Жердегі тіршілік үшін судың маңызы
ҚМЖ жасау- 10.4.1.1Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру
Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері
ҚМЖ жасау- 10.4.1.2көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу
Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері
ҚМЖ жасау- 10.4.1.3майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау
Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. №1 зертханалық жұмыс "Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдай-лардың әсері (температура, pH)"
ҚМЖ жасау- 10.4.1.4нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
- 10.4.1.5түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу
Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. №2 зертханалық жұмыс "Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау"
ҚМЖ жасау- 10.4.1.6биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау
Дезоксирибонуклеин қышқылы құрылысы мен құрылымы (бірінші және екінші реттік). Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қызметі
ҚМЖ жасау- 10.4.1.7дезоксирибонуклеин қышқылы құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату
Рибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық рибонуклеин қышқылы. Рибосомалық рибонуклеин қышқылы. Транспорттық рибонуклеин қышқылы
ҚМЖ жасау- 10.4.1.8рибонуклеин қышқылы типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату
Жасушалық биология
Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері
ҚМЖ жасау- 10.4.2.1электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру
Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс
ҚМЖ жасау- 10.4.2.2жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты түсіндіру
Қоректену
Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар
ҚМЖ жасау- 10.1.2.1ферменттер белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың әсерін түсіндіру
2-тоқсан
Заттардың тасымалдануы
Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі. Адам гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығы
ҚМЖ жасау- 10.1.3.1эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру
Пассивті тасымалдау механизмі
ҚМЖ жасау- 10.1.3.2пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру
Тыныс алу
Аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметі
ҚМЖ жасау- 10.1.4.1аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметтерін сипаттау
Аденозинүшфосфаттың синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері
ҚМЖ жасау- 10.1.4.2анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфаттың синтезін салыстыру
Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері
ҚМЖ жасау- 10.1.4.3метоболизмнің түрлерін атау
- 10.1.4.4энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау
Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Кребс циклі және оның биологиялық маңызы
ҚМЖ жасау- 10.1.4.5митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату
- 10.1.4.6Кребс циклін сипаттау
Бөліп шығару
Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі
ҚМЖ жасау- 10.1.5.1зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру
Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция
ҚМЖ жасау- 10.1.5.2су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның рөлін түсіндіру
Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы
ҚМЖ жасау- 10.1.5.3диализ және бүйрек трансплантациясы механизмін түсіндіру
3-тоқсан
Жасушалық цикл
Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер
ҚМЖ жасау- 10.2.2.1митоз фазаларын сипаттау
Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез
ҚМЖ жасау- 10.2.2.2өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру
Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар
ҚМЖ жасау- 10.2.2.3жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру
Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар
ҚМЖ жасау- 10.2.2.4қартаю үдерісін түсіндіру
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық Тары
Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. №3 зертханалық жұмыс "Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу"
ҚМЖ жасау- 10.2.4.1модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу
Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Көптік аллельділік. Есептер шығару
ҚМЖ жасау- 10.2.4.2дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы
ҚМЖ жасау- 10.2.4.3кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндіру
Аллельді және аллельді емес ген-дердің өзара әрекеттесуі. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия
ҚМЖ жасау- 10.2.4.4аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру
Хуго де Фриздің мутация теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутация. Модельдеу "Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмм құру. Геномдық мутацияны оқып білу"
ҚМЖ жасау- 10.2.4.5Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу
Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары
ҚМЖ жасау- 10.2.4.6хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын сипаттау
Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі ағзалардың көптүрлілігі
Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар
ҚМЖ жасау- 10.2.6.1тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру
- 10.2.6.2эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау
Эволюцияның дәлелдемелері
ҚМЖ жасау- 10.2.6.3эволюцияның дәлелдемелерін талдау
Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері
ҚМЖ жасау- 10.1.1.1Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау
Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Түсінік "Соңғы әмбебап жалпы ата тек". Модельдеу "Кладограмма құру". Филогенетикалық картаның әр түрлі формалары. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы
ҚМЖ жасау- 10.1.1.2филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және түсіндіріп беру
- 10.1.1.3әр алуан филогенетикалық карталар-дың (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар) принциптерін салыстыру
Түр түзілудің тәсілдері. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридизация
ҚМЖ жасау- 10.2.6.4түр түзілудің тәсілдерін атау және түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу
Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез
ҚМЖ жасау- 10.2.5.1селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу
Антропогенез кезеңдері
ҚМЖ жасау- 10.2.6.5антропогенездің кезеңдерін атау
4-тоқсан
Координация және реттеу
Жүйке жасушаларының құрылысы. Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы. Нейронның аксон бойымен қозудың берілуі
ҚМЖ жасау- 10.1.7.1миеленденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттау және түсіндіру
Рефрактерлық кезең мен оның маңызы. Миелинденген және миелинденбеген нейрондарды салыстыру
ҚМЖ жасау- 10.1.7.2рефрактерлық кезең мен миелин қабығының маңызын түсіндіру
Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы
ҚМЖ жасау- 10.1.7.3механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау
Қозғалыс
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы
ҚМЖ жасау- 10.1.6.1көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымын түсіндіру
Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының түрлер
ҚМЖ жасау- 10.1.6.2жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшық-тарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру
Биомедицина және биоинформатика
Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника). Медициналық биомеханика (протездеу). Эргометриялық биомеханика(оптимизация). Модельдеу "Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу"
ҚМЖ жасау- 10.4.4.1биомеханиканы робототехникада қолданылуын зерттеу
Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы. Модельдеу " Жүректе өтетін электрлік үрдісті зерттеу"
ҚМЖ жасау- 10.4.4.2электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру
Биотехнология
Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері
ҚМЖ жасау- 10.4.3.1биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Полимеразды тізбекті реакцияның таксономия, медицина, криминалистикадағы маңызы
ҚМЖ жасау- 10.4.3.2полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицинада және криминалистикадағы маңызын сипаттау
Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Гендік инженерияның маңызы
ҚМЖ жасау- 10.4.3.3гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру
Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары
ҚМЖ жасау- 10.4.3.4гендік модификация-ланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау