Негізгі мазмұнға өту
Bilikti AI

10-сынып

№399 бұйрық · 115-қосымша · қоғамдық-гуманитарлық бағыт · қазақ тілінде оқыту

Биология (ҚГБ) · 10-сынып: оқу бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.

47 оқу мақсаты43 тақырыпәдіскер тексеруі күтілудеДереккөз: adilet.zan.kz ↗ Іздеу және сүзу

1-тоқсан

  1. Молекулалық биология және биохимия

    Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.1Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру
  2. Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.2көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу
  3. Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.3майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау
  4. Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. Зертханалық жұмыс "Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)"

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.4нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
    • 10.4.1.5түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу
  5. Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. Зертханалық жұмыс "Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау"

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.6биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау
  6. Репликация механизмі. ДНҚ. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф ережесі

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.7дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы үдерісін сипаттау
  7. РНҚ молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық (ақпараттық) рибонуклеин қышқылы. Рибосомалық рибонуклеин қышқылы. Транспорттық рибонуклеин қышқылы

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.8рибонуклеин қышқылы типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату
  8. рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысынның ұқсастықтары мен айырмашылықтары

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.9рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының құрылысын салыстыру
  9. Жасушалық биология

    Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмем-браналы). Ядро. Жасуша-ның негізгі компоненттерінің қызметтері

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.2.1электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру
  10. Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық -мозаикалық моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипид-тердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі. Зертханалық жұмыс "Жасуша мембранасына әртүрлі жағдайлардың әсері".

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.2.2жасуша мембрана-сының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату

2-тоқсан

  1. Заттардың тасымалдануы

    Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы. Зертханалық жұмыс "Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау"

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.3.1беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу
  2. Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия Белсенді тасымалдау механизмі

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.3.2пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстыру
  3. Тыныс алу

    Аденозинүшфосфор қышқылының құрылысы мен қызметі

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.1аденозинүшфосфор қышқылының құрылысы мен қызметтерін сипаттау
  4. Аденозинүшфосфор қышқылының синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.2анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүш-фосфор қышқылы синтезін салыстыру
  5. Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.3метоболизмнің түрлерін атау
    • 10.1.4.4энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау
  6. Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.5митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату
  7. Бөліп шығару

    Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.5.1су мөлшерін бақы-лаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіру
  8. Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері,. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.5.2диализ механизмін түсіндіру
  9. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.5.3бүйрек трансплан-тациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

3-тоқсан

  1. Жасушалық цикл

    Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.2.1өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру
  2. Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.2.2жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру
  3. Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.2.3қартаю үдерісін түсіндіру
  4. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

    Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. Зертханалық жұмыс "Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.4.1модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу
  5. Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Есептер шығару

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.4.2дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалаудың цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану
    • 10.2.4.3жыныспен тіркескен тұқым қуалауға есептер шығару
  6. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Комплиментарлық. Полимерия, көп аллелділік. Кодоминанттылық. Көп аллельділік

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.4.4аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру
  7. Кенеттен және индуцияланған мутация. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Модельдеу "Адам кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу"

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.4.5мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу
  8. Хромосомалар санының ауытқуына байланысты адамның хромосомалық аурулары

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.4.6хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау
  9. Эволюциялық даму Селекция негіздері. Тірі ағзалардың алуантүрлілігі

    Кладограммалар. Түсінік "Соңғы әмбебап жалпы ата тек". Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.1.1Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау
    • 10.1.1.2кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды түсіндіріп беру
  10. Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.5.1селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу
  11. Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.6.1тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру
  12. Эволюцияның дәлелдемелері. Салыстырмалы-анатомиялық, молекулалық – генетикалық эмбриологиялық, палеонтоло-гиялық, биогеографиялық, биохимиялық, дәлелдемелер

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.6.2эволюцияның дәлелдемелерін талдау
  13. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридизация

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.6.3түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу
  14. Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.6.4антропогенездің кезеңдерін атау

4-тоқсан

  1. Координация және реттеу

    Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен қызметтері

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.7.3жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу
  2. Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс. Холинергиялық синапстың мысалында синапстық берілудің механизмі

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.7.4синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнату
  3. Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.7.5механорецептор-лардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін сипаттау
  4. Қозғалыс

    Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылысы (саркомерлер, актин, миозин т.б.). Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.6.1көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмінің өзара байланысын түсіндіру
  5. Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.6.2жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру
  6. Биофизика

    Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника т.б.). Медициналық биомеханика (протездеу т.б. Эргометриялық биомеханика (оптимизация т.б.)

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.4.1биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу
  7. Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.4.2электрокардио-грамманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру
  8. Биотехнология

    Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Гендік инженерияның маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.3.1биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау
  9. Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Медициналық диагностикалауда, әкелікті негіздеуде, тұлғаларды дербестендіру медицинасында, гендерді клондауда, Дезоксирибонуклеин қышқылын секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.3.2полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицинада мен криминалистикада және маңызын сипаттау
  10. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.3.3гендік модификация-ланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау