Негізгі мазмұнға өту
Bilikti AI

10-сынып

№399 бұйрық · 113-қосымша · қоғамдық-гуманитарлық бағыт · қазақ тілінде оқыту

Физика (ҚГБ) · 10-сынып: оқу бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.

42 оқу мақсаты29 тақырыпәдіскер тексеруі күтілудеДереккөз: adilet.zan.kz ↗ Іздеу және сүзу

1-тоқсан

  1. Кинематика

    Кинематика

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.1.1кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу
  2. Салыстырмалы қозғалыс

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.1.2жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру
  3. Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.1.3қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау
  4. Динамика

    Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.2.1Ньютон заңдарын түсіну және теңәрекетті күшті табу
  5. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.2.2бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау
  6. Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.2.3көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау
  7. Статика және гидростатика

    Массалар центрі. Тепе-теңдік түрлері

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.3.1абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру
  8. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. Паскаль заңын қолдану Торичелли тәжірибесі

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.3.2Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы
    • 10.1.3.3гидростатикалық қысым терминін түсіндіру
  9. Сақталу заңдары

    Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.1сақталу заңдарын түсіндіру
  10. Гидродинамика

    Сұйықтық кинематикасы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.5.1сұйықтар мен газдардың ағыстарын сипаттау
  11. № 1 Зертханалық жұмыс: "Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.5.2тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеру
    • 10.1.5.3эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну

2-тоқсан

  1. Молекулалық физика

    Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері қағидалары. Термодинамикалық параметрлер Кристалл және кристалл емес заттар

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.1молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттау
    • 10.2.1.2қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін Молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау
    • 10.2.1.3кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату
  2. Газ заңдары

    Идеал газ күйінің теңдеуі Изопроцестер.Адиабаталық процесс

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.2.1идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және газдардың процестерінің графиктерін ажырату
  3. Термодинамика негіздері

    Термодинамика заңдарын қолдану Жылу қозғалтқыштары

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.3.1термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру; сипаттау
    • 10.2.3.2жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау
  4. Сұйық және қатты денелер

    Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.4.1ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
    • 10.2.4.2сұйықтың беттік керілу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы

3-тоқсан

  1. Электростатика

    Электр өрісі

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.1.1электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау
    • 10.3.1.2электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау
    • 10.3.1.3гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру
  2. Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.1.4қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролі
  3. Тұрақты ток

    Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі. Кернеу және потенциалдар айырмасы

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.1ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергі ұғымын түсіну
    • 10.3.2.2сыртқы тізбектегі элерктр қозғаушы күші пен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну
  4. Толық тізбек үшін Ом заңы

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.3толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну
  5. Электр тогының жұмысы мен қуаты

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.4тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу
  6. Әртүрлі ортадағы электр тогы

    Металдардағы, жартылай өткізгіштердегі, электролиттердегі, газдар мен вакуумдағы электр тогы. № 2 Зертханалық жұмыс: "Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.3.1әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру
    • 10.3.3.2электролиттердегі токтың пайда болу шарттарын эксперименттік түрде анықтау
  7. Жартылай өткізгішті құралдар

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.3.3жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру
  8. Асқын өткізгіштік

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.3.4асқын өткізгіштік құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау

4-тоқсан

  1. Магнит өрісі

    Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.4.1өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну
  2. Ампер күші, Лоренц күші

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.4.2сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау
  3. Заттың магниттік қасиеттері

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.4.3магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау
  4. Жасанды магниттер.Соленоид

    Жасанды магниттер.Соленоид

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.4.4жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру
    • 10.3.4.5соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау
  5. Электромагниттік индукция

    Электромагниттік индукция заңы. Электромагниттік құралдар

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.5.1магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру
    • 10.3.5.2Ленц ережесін түсіндіру
    • 10.3.5.3электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіну
  6. Магниттік-резонанстық томография

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.5.4магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіну