Негізгі мазмұнға өту
Bilikti AI

10-сынып

№399 бұйрық · 116-қосымша · жаратылыстану-математикалық бағыт · қазақ тілінде оқыту

География (ЖМБ) · 10-сынып: оқу бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.

50 оқу мақсаты28 тақырыпәдіскер тексеруі күтілудеДереккөз: adilet.zan.kz ↗ Іздеу және сүзу

1-тоқсан

  1. 1.1 Жалпы географиялық әдістер

    Зерттеу әдістерінің түрлері

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.1.1зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру, сандық әдістерін қолдану
    • 10.1.1.2зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолдану
    • 10.1.1.3зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады
  2. 2.1 Карто-графия

    Заманауи картографиялық әдістер

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.1тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану
  3. 2.2 Геоинфор-матика негіздері

    Географиялық деректер базасы

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.2.1Microsoft Excel бағдарламасын қолдану арқылы тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру
  4. Географиялық деректерді визуа-лизациялау

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.2.2статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасау
    • 10.2.2.3ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың графикалық редакторларын қолданумен тақырыптық картасызбалар жасау
  5. 3.1 Табиғатты пайдалану

    Табиғатты пайдалану түрлері

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.1.1табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау, графикалық түрде ұсыну
  6. Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.1.2табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттарын анықтау
    • 10.3.1.3табиғатты пайдалану түрлерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде)
  7. Экологиялық таза өндірістерді жобалау

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.1.4экологиялық таза өндірістік жобаларды ұсыну (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде)

2-тоқсан

  1. 3.2 Геоэколо-гиялық зерттеу негіздері

    Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.1геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіру
  2. Геосфералардың ластануы

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.2геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттеу
  3. Геоэкологиялық аудандастыру

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.3дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру
  4. Геоэкологиядағы антропогендік факторлар

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.4табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру және графикалық түрде ұсыну
    • 10.3.2.5табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну
  5. Ғаламдық экологиялық проблемалар

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.6ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіру
    • 10.3.2.7геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтау
    • 10.3.2.8ғаламдық экология-лық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибені зерттеу
  6. Қазақстанның экологиялық проблемалары

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.9Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру
    • 10.3.2.10Қазақстандағы экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсыну

3-тоқсан

  1. 4.1 Геоэкономика негіздері

    Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.1геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіру
    • 10.4.1.2елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау(қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
  2. Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.3шаруашылық салаларын орналастыруда кеңістіктік (аумақтық) факторларды талдау
    • 10.4.1.4дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын заманауи орналастыру факторларын талдау
  3. Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.5дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу
  4. Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.6дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау
  5. Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіш-тері

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.7дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
    • 10.4.1.8дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
  6. Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.9дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
  7. Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақ-сатты көр-сеткіштер мен индикаторлар

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.10Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылы-ғының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау
  8. 5.1 Геосаясат негіздері

    Геосаясаттың өзектілігі

    ҚМЖ жасау
    • 10.5.1.1геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі категорияларын түсіндіру
    • 10.5.1.2негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау
  9. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі

    ҚМЖ жасау
    • 10.5.1.3дүниежүзінің геосаяси кеңістігін талдау
  10. Геосаясаттағы географиялық факторлар

    ҚМЖ жасау
    • 10.5.1.4геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға беру
  11. Мемлекеттік аумақтың морфологиясы

    ҚМЖ жасау
    • 10.5.1.5мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін талдау және жіктеу
  12. Мемлекеттік шекара

    ҚМЖ жасау
    • 10.5.1.6мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдау
    • 10.5.1.7Қазақстан Республикасының мемлекет-тік шекараларының қалыптасу үдерісін, басты көрсеткіштері мен динамикасын зерттеу

4-тоқсан

  1. 6.1 Дүниежүзі аймақтары

    Кешенді географиялық аудандастыру

    ҚМЖ жасау
    • 10.6.1.1дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру
    • 10.6.1.2кешенді географиялық және тарихи-географиялық аудандастырудың өз үлгісін ұсыну
    • 10.6.1.3дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсыну
  2. 6.2 Дүниежүзі елдері

    Салыстырмалы елтану

    ҚМЖ жасау
    • 10.6.2.1дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын белгілерді анықтау
    • 10.6.2.2көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау бойынша)
    • 10.6.2.3жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстері мен рейтингтерін сипаттау (есепке/бағалауға алынатын көрсеткіштер, бағалау субъектісі, нәтижелерінің қолдану аясы)
    • 10.6.2.4жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің рейтингтерін графикалық түрде көрсету
    • 10.6.2.5елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау (таңдау бойынша рейтингтің басында, ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында)
  3. 7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу

    Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері

    ҚМЖ жасау
    • 10.7.1.1адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру
    • 10.7.1.2ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтау
    • 10.7.1.3ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын анықтап, топтастыру
    • 10.7.1.4ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау