Негізгі мазмұнға өту
Bilikti AI

10-сынып

№399 бұйрық · 111-қосымша · қоғамдық-гуманитарлық бағыт · қазақ тілінде оқыту

Химия (ҚГБ) · 10-сынып: оқу бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.

105 оқу мақсаты45 тақырыпәдіскер тексеруі күтілудеДереккөз: adilet.zan.kz ↗ Іздеу және сүзу

1-тоқсан

  1. 10.1 Атом құрылысы

    Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрон күйі және қозғалысы. Көрсетілім №1 "Атом құрылысы моделі"

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.2.1атом құрылысының заманауи теориясын білу
    • 10.1.2.2s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату
  2. Квант саны. Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережесі

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.3.1квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін білу
    • 10.1.3.2электрон орбитальдарын толтыру ережелерін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану
    • 10.1.3.3алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу
  3. Изотоптар. Есеп шығару: "Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу"

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.2.3радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру
    • 10.1.1.1құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару
  4. Радиоактивті заттар туралы түсінік. Ядролық реакциялар және олардың Қазақстанның энергетикалық потенциалындағы маңызы

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.8радиоактивті заттар ұғымын білу
    • 10.2.1.9радиоактивті ыдырау типін білу және қарапайым ядролық реакциялар теңдеуін құра алу (a, b-, b+, g ыдырау)
    • 10.2.1.10Қазақстан энергетикалық потенциалында ядролық реакциялар мәнін түсіну
  5. 10.1 Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі

    Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан. Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі. Атомның тотығу дәрежесі Негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.1периодтық заңның физикалық мәнін түсіндіру
    • 10.2.1.2валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру
    • 10.2.1.3химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі
  6. Периодта және топта қосылыстардың қышқылды-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.4период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
  7. Қоршаған ортаның химиялық бейнесін және технология мен ғылымның дамуы үшін периодтық заңның мәнін түсіну

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.5периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау
    • 10.2.1.6периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу
  8. 10.1 Химиялық байланыс және зат құрылысы

    Химиялық байланыс түрінің біртұтас электронды табиғаты Ковалентті химиялық байланыс. Ковалентті химиялық байланыс қасиеттері Ковалентті байланыстың донорлы- акцепторлы механизммен түзілуі Көрсетілім №2 "Графит, алмаз, көміртегі (IV) оксидінің кристалдық тор моделі"

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.1донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
    • 10.1.4.2ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау
    • 10.1.4.3H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру
  9. Атом орбитальдарының гибридтелуі (sp, sp2, sp3) және молекула геометриясы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.4әртүрлі гибридтелу түрлерінің мәнін түсіндіру
    • 10.1.4.5BF3, CH4, NH3, H2O, BeCl2 мысалында молекуланың электронды және кеңістіктік құрылысына зат қасиетінің тәуелділігін түсіндіру
  10. Электртерістілік және байланыс полярлығы

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.6атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау
  11. Ионды химиялық байланыс және иондық кристалдық тор. Металдық байланыс және металдық кристалдық тор. Көрсетілім №3 "Натрий, мыс хлоридтерінің кристалдық тор моделі"

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.7иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну
    • 10.1.4.8NaCl, CaO, MgF2, KH қосылыстары үшін Льюис диаграммасын құру
    • 10.1.4.9металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру
  12. Сутектік байланыс. Жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыс және кристалдық тор типіне тәуелділігі. Зертханалық тәжірибе № 1 "Әртүрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Түрлі кристалдық торлы заттардың қасиеттерін оқу"

    ҚМЖ жасау
    • 10.1.4.10сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру
    • 10.1.4.11кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау

2-тоқсан

  1. 10.2 Химиялық реакциялар заңдылығы

    Химиялық реакциялардың жіктелуі

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.7химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу
  2. Жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық заттардың қатысуымен тотығу-тотығу реакциялары

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.3.1зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алу
    • 10.2.3.2электронды баланс әдісін қолданып тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыра алу
  3. Тұз ерітінділерінің және балқымаларының электролизі. Көрсетілім №4 "Өнеркәсіптік үдерістер электролизінің бейне көрсетілімдері: мыс, алюминий, натрий гидроксиді және хлоридінің өнеркәсіптік өндірісі"

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.3.3ерітінді және балқыма арқылы электр тоғы өткен кезде жүретін үдерістерді оқу және түсіндіру
    • 10.2.3.4электролит ерітінділерін және балқымаларын электролиздеу кезінде электродтарда түзілетін электролиз өнімдерін болжау
    • 10.2.3.5ерітінді және балқыма электролизі үдерісі сызбанұсқасын құра алу
    • 10.2.3.6электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептей алу
  4. Қышқыл, сілті және тұз ерітінділерінің рН-і Тұздар гидролизі Зертханалық тәжірибе № 2 "Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі"

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.4.1ерітіндінің рН мәні бойынша тұздар, қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу
    • 10.3.4.2оның сапалық құрамы бойынша тұз ерітінділерінің ортасын болжау
  5. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы Көрсетілім №5 "Экзо – эндотермиялық реакциялар"

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.1.1жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктей алу
    • 10.3.1.2химиялық реакциялардың жылу эффектісі мәнін тұсіндіру
    • 10.3.1.3химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептей алу
  6. 10.2 Кинетика

    Химиялық реакция жылдамдығы. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.1химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік зерттеу
    • 10.3.2.2химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндіру
    • 10.3.2.3әрекеттесуші заттар концентрациясы және температурасы өзгеруі кезіндегі реакция жылдамдығының өзгерісін есептей алу
  7. Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.2.4химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіру
    • 10.3.2.5гомогенді және гетерогенді катализ механизмін түсіндіру
    • 10.3.2.6Қазақстанда катализдік химияның дамуын білу
  8. 10.2 Химиялық тепе-теңдік

    Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері. Зертханалық тәжірибе №3 "Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді концентрациясының өзгеруі бойынша"

    ҚМЖ жасау
    • 10.3.3.1әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу
    • 10.3.3.2химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау
    • 10.3.3.3тепе-теңдік константасы өрнегін құра алу

3-тоқсан

  1. 10.3 Металдар мен бейме-талдардың жалпы сипат-тамасы

    Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар. Металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысы және кристалдық торларының ерекшелігі, металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі Көрсетілім №6 "Металдар, бейметалдар және олардың қос

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.11металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы
    • 10.2.1.12период және топта металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау
  2. Металдар және бейметалдар: негізгі физикалық және химиялық қасиеттері. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Зертханалық тәжірибе №4 "Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері"

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.13металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіру
    • 10.2.1.14электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіну
    • 10.2.1.15металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
    • 10.2.1.16типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу
  3. Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.17металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы туралы білу
    • 10.4.1.1кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу
  4. Тірі ағзалардың іс- әрекетінде метлдар және бейметалдардың биологиялық ролі

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.2тірі ағзалардың іс- әрекетінде металдар және бейметалдардың биологиялық рөлін түсіндіру
  5. 10.3 Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары

    Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.18атом құрылысы негізінде s-элементтердің жалпы қасиеттерін түсіндіру
    • 10.2.1.19s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру
  6. Натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы. Көрсетілім №7 "Натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі. Натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі)

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.20натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының алыну әдістерін білу
    • 10.2.1.21натрий, калий және кальцийдің сумен реакциясының химиялық белсенділігін ажыратуды түсіндіру
    • 10.4.1.3натрий және калий қосылыстарының биологиялық рөлін түсіндіру
  7. Кальций, магний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы Зертханалық тәжірибе №5 "Натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру. Сілтілік және сілтілік-жер металдары тұзд

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.22кальций, магний және олардың қосылыстарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
    • 10.2.1.23калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы)
    • 10.4.1.4кальций және магнийдің биологиялық рөлін түсіндіру
  8. Судың кермектігі, оны жою жолдары. Сілтілік металдар мен сілтілік жер металдарының табиғи қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.5судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіру
    • 10.4.1.6Қазақстанда таралған сілтілік және сілтілік жер металдардың табиғи қосылыстарын білу
    • 10.2.2.1металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасына, зат мөлшеріне есептер шығару
  9. 10.3 Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары

    d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.24атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру
    • 10.4.1.7Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары атау
  10. Мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары. Зертханалық тәжірибе №6 "Cu2+, Zn2+ иондарын тануға сапалық реакция"

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.25мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстарының қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
    • 10.2.1.26Cu2+, Zn2+ иондарын тани білу
  11. Хром және оның қосылыстары

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.27хром және оның қосылыстарың қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
  12. Темір және оның қосылыстары. Зертханалық тәжірибе №7 "Fe2+, Fe3+ иондарын тануға сапалық реакция"

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.28темір және оның қосылыстарының алынуын, тән физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау
    • 10.2.1.29Fe2+, Fe3+ иондарын тани білу
  13. Практикалық жұмыс №1 "Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу; қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу"

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.30темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін зерделеу
  14. Коррозия түрлері және коррозияның алдын алу шаралары

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.3.7коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру
    • 10.2.2.2металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі) есептер шығару

4-тоқсан

  1. 10.4 Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары

    Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері. Алюминий және олардың қосылыстары

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.31атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
    • 10.2.1.32алюминий оксиді және гидроксидінің екәдайлы қасиеттерін оқып білу
    • 10.2.1.33алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау
  2. Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері. Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы. Көрсетілім № 8 "Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция)

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.34көміртек, кремний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу
    • 10.2.1.35иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау
  3. Азот молекуласы құрылысы және қасиеттерінің ерекшеліктері. Аммиак, аммоний тұздары. Ортофосфор қышқылы және фосфаттар. Азот және фосфор қосылыстарының тыңайтқыш ретінде қолданылуы. Азот оксидтерінің, нитраттар және фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.36молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіру
    • 10.2.1.37газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
    • 10.4.1.8азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдеу
    • 10.4.1.9азот және фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну
    • 10.2.1.38ортофосфор қышқылының және фосфаттардың физикалық, хиииялық қасиеттерін оқып білу
  4. Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.39құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жануы кезіндегі күкірт диоксидінің түзілуін сипаттау
    • 10.4.1.10қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
    • 10.2.1.40сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру
    • 10.4.1.11тағам өнімдерін консервілеуде күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіру
  5. Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер. Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі. Йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын сақтандыру шаралары

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.41топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
    • 10.2.1.42тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу
    • 10.4.1.12адам ағзасындағы йодтың биологиялық ролін білу және Қазақстан территориясында йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды түсіндіру және осы мәселелерді шешу жолын ұсыну
  6. Практикалық жұмыс № 2 "Кейбір аниондарға сапалық реакция" тақырыбына эксперименттік есептер шығару

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.43хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияны білу
    • 10.2.1.44аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру
  7. 10.4 Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өңдіру

    Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.3.8өнеркәсіпте металдарды алу әдістерін білу
    • 10.2.3.9Тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий
    • 10.2.3.10шойын және болаттың алыну әдістерін және қасиеттерін сипаттау
    • 10.4.1.13Қазақстандағы химиялық өндірістердің экологиялық мәселелерін түсіндіру
  8. Жанасу әдісімен күкірт қышқылын өндіру

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.45күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің жанасу үдерісін сипаттаужәне оның өнеркәсіп үшін мәнін білу
  9. Аммиак, азот қышқылыш өндіру

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.1.46аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру әдістерін және оның өнімдерінің қолданылу саласын сипаттау
  10. Қазақстандағы силикат өндірісі

    ҚМЖ жасау
    • 10.2.3.11шыны, цемент өндіру үдерісін және олардың қолданылуын сипаттау
  11. Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаның ластануы

    ҚМЖ жасау
    • 10.4.1.14химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін бағалау