№399 бұйрық · 58-қосымша · қазақ тілінде оқыту
Химия · 7-сынып: оқу бағдарламасы
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.
1-тоқсан
7.1 Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
Химия пәні. №1 практикалық жұмыс "Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу"
ҚМЖ жасау- 7.1.1.1химия ғылымының нені оқытатынын білу
- 7.1.1.2химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну
Элемент, қоспа және қосылыс. № 1 зертханалық тәжірибе "Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру"
ҚМЖ жасау- 7.4.1.1элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну
- 7.4.1.2таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу
- 7.4.1.3элемент(жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу
- 7.4.1.4қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу
Қоспаларды бөлу әдістері. № 2 зертханалық тәжірибе "Ластанған ас тұзын тазарту"
ҚМЖ жасау- 7.4.1.5қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу
- 7.4.1.6қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
7.1 Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі
Физикалық және химиялық құбылыстар. № 3 зертханалық тәжірибе "Химиялық реакциялардың белгілері"
ҚМЖ жасау- 7.1.1.3физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
Заттардың агрегаттық күйлері
ҚМЖ жасау- 7.1.1.4заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру
Салқындау үдерісі № 4 зертханалық тәжірибе "Салқындау үдерісін зерттеу"
ҚМЖ жасау- 7.1.1.5салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
Қыздыру үдерісі № 5 зертханалық тәжірибе "Судың қайнау үдерісін зерттеу"
ҚМЖ жасау- 7.1.1.6судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
2-тоқсан
7.2 Атомдар Молекулалар Заттар
Атомдар мен молекулалар
ҚМЖ жасау- 7.1.2.1атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу
Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар
ҚМЖ жасау- 7.1.2.2әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу
- 7.1.2.3элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу
- 7.1.2.4заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
ҚМЖ жасау- 7.1.2.5протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу
- 7.1.2.6алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу
- 7.1.2.7изотоп түсінігін білу
7.2 Ауа. Жану реакциясы
Ауа. Ауаның құрамы №6 зертханалық тәжірибе "Балауыз шамның жануы"
ҚМЖ жасау- 7.3.1.1ауа құрамын білу
- 7.3.1.2заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу
- 7.3.1.3атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
Жану үдерісі № 2 практикалық жұмыс/көрсетілім "Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру"
ҚМЖ жасау- 7.3.1.4затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу
- 7.3.1.5тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру
- 7.3.1.6заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну
- 7.3.1.7металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу
3-тоқсан
7.3 Химиялық реакциялар
Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар. №7 зертханалық тәжірибе "Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау"; №8 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы"
ҚМЖ жасау- 7.3.4.1"қышқылдық" және "сабындылық" қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу
- 7.3.4.2химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу
- 7.3.4.3рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу
- 7.3.4.4"антацидтік заттарды" қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну
Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе "Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі"; №10 зертханалық тәжірибе "Сутекке сапалық реакция"
ҚМЖ жасау- 7.2.2.1сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау
- 7.2.2.2сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу жәнесутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі. № 3 практикалық жұмыс "Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция"
ҚМЖ жасау- 7.2.2.3кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
7.3 Химиялық элементтердің периодтық кестесі
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы
ҚМЖ жасау- 7.2.1.1И. ДҰберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру
Периодтық кестенің құрылымы
ҚМЖ жасау- 7.2.1.2периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар
7.3 Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула
Салыстырмалы атомдық масса
ҚМЖ жасау- 7.1.2.8Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну
- 7.1.2.9табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну
- 7.1.2.10салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу
Валенттілік. Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
ҚМЖ жасау- 7.1.2.11элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу
- 7.1.2.12химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептеу
4-тоқсан
7.4 Адам ағзасындағы химиялық элементтер
Тағам құрамындағы қоректік заттар. № 4 практикалық жұмыс "Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау"
ҚМЖ жасау- 7.5.1.1тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну
- 7.5.1.2тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білужәне анықтай алу
Адам ағзасындағы химиялық элементтер. Тыныс алу үдерісі. №11 зертханалық тәжірибе "Тыныс алу үдерісін зерттеу"
ҚМЖ жасау- 7.5.1.3адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу
- 7.5.1.4тыныс алу үдерісін түсіндіру
7.4 Геологиялық химиялық қосылыстар
Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы
ҚМЖ жасау- 7.4.2.1Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну
- 7.4.2.2кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу
- 7.4.2.3металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау
Қазақстанның пайдалы қазбалары Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері
ҚМЖ жасау- 7.4.2.4Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу
- 7.4.2.5табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу