№399 бұйрық · 58-қосымша · қазақ тілінде оқыту
Химия · 9-сынып: оқу бағдарламасы
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.
1-тоқсан
9.1 Электролиттік диссоциация
Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы"
ҚМЖ жасау- 9.4.1.1электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
- 9.4.1.2заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
Электролиттік диссоциациялану теориясы
ҚМЖ жасау- 9.4.1.3электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу
- 9.4.1.4иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру
Қышқыл, негіз, тұздардың электролиттік диссоциациясы. № 1 зертханалық тәжірибе "Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН анықтау"
ҚМЖ жасау- 9.4.1.5ерітіндінің қышқылдығы мен сілтілігін ажырату
- 9.4.1.6қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру
Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер
ҚМЖ жасау- 9.4.1.7күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
№ 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары"
ҚМЖ жасау- 9.2.2.1алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру
- 9.2.2.2ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері
ҚМЖ жасау- 9.3.4.1қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру
- 9.3.4.2қышқылдар және негіздер,орта тұздар-дың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау
Тұздар гидролизі. № 2 зертханалық тәжірибе "Тұздар гидролизі"
ҚМЖ жасау- 9.3.4.3орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау
- 9.3.4.4орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру
- 9.3.4.5орта тұз ерітіндісінің реакция ортасын болжау
9.1 Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы
Катиондарға сапалық реакциялар. № 3 зертханалық тәжірибе "Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау"; № 4 зертханалық тәжірибе "Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар"
ҚМЖ жасау- 9.4.1.8Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау
- 9.4.1.9Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакция жүргізу
Аниондардың сапалық реакциялары. № 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Cl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау"
ҚМЖ жасау- 9.4.1.10хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау
№ 2 практикалық жұмыс "Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы"
ҚМЖ жасау- 9.4.1.11белгісіз заттардағы катион және аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
Есептер шығару "Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер"
ҚМЖ жасау- 9.2.3.1әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
9.1 Химиялық реакция жылдамдығы
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. № 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы"; № 6 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері"
ҚМЖ жасау- 9.3.2.1реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру
- 9.3.2.2реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері"
ҚМЖ жасау- 9.3.2.3катализатордың реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру
- 9.3.2.4реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру
9.1 Қайтымды реакциялар
Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. № 3 көрсетілім "Қайтымды химиялық реакциялар"; № 7 зертханалық тәжірибе "Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы"
ҚМЖ жасау- 9.3.3.1қайтымды және қайтымсыз реакцияларды біл
- 9.3.3.2тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау және Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау
- 9.3.3.3химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату
- 9.3.3.4химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
2-тоқсан
9.2 Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Тотығу дәрежесі. Тотығу және тотықсыздану
ҚМЖ жасау- 9.2.2.3тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану
- 9.2.2.4тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
ҚМЖ жасау- 9.2.2.5тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
- 9.2.2.6тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
Электрондық баланс әдісі
ҚМЖ жасау- 9.2.2.7электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
9.2 Металдар мен құймалар
Металдардың жалпы сипаттамасы. № 4 көрсетілім "Металдардың кристалдық тор модельдері"
ҚМЖ жасау- 9.1.4.1металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу
- 9.1.4.2металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру
Металдар құймалары. № 5 көрсетілім "Металдар және құймалар"
ҚМЖ жасау- 9.1.4.3құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу
- 9.1.4.4шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру
- 9.4.2.5Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Металдарды алу
ҚМЖ жасау- 9.4.2.6кеннен металды алу үдерісін сипаттау
Есептер шығару "Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу"
ҚМЖ жасау- 9.2.3.2қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
9.2 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары
1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары. № 6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі"
ҚМЖ жасау- 9.2.1.1атом құрылысы негізінде сілтілік металдардыңжалпы қасиеттерін түсіндіру
- 9.2.1.2сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары. № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі"
ҚМЖ жасау- 9.2.1.31 (І)- ші және 2 (ІІ)топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру
- 9.2.1.4кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
13 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары. № 7 көрсетілім "Алюминий мен оның құймалары"; № 9 зертханалық тәжірибе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі"
ҚМЖ жасау- 9.2.1.5атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау
- 9.2.1.6алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару
ҚМЖ жасау- 9.2.1.71 (I), 2 (ІІ), 13 (ІІІ) –топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу
3-тоқсан
9.3 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары
Галогендер
ҚМЖ жасау- 9.1.4.5галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау
- 9.2.1.8топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау
Хлор
ҚМЖ жасау- 9.2.1.9хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі
Хлорсутек қышқылы. № 10 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу"
ҚМЖ жасау- 9.2.1.10хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану аясын білу
16 (VI)-топ элементтері. Күкірт. № 8 көрсетілім "Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері"
ҚМЖ жасау- 9.2.1.1116 (VI)-топ элементтерінің жалпы қасиетін сипаттау
- 9.2.1.12күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру
Күкірттің қосылыстары
ҚМЖ жасау- 9.2.1.13күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру
- 9.4.2.1қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру
Күкірт қышқылы және оның тұздары. № 5 практикалық жұмыс "Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу"
ҚМЖ жасау- 9.2.1.14күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
Есеп шығару. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер"
ҚМЖ жасау- 9.2.3.3теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу
Азот.№ 11 зертханалық тәжірибе "Азот молекуласының моделі"
ҚМЖ жасау- 9.2.1.15азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру
Аммиак. № 12 зертханалық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделі"
ҚМЖ жасау- 9.1.4.6аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын түсіндіру
Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы. № 6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу". Аммиак өндірісі
ҚМЖ жасау- 9.2.1.16аммиакты ты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсіндіру
- 9.2.1.17аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу
- 9.3.3.5аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау
Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері"
ҚМЖ жасау- 9.1.4.7азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру
- 9.2.1.18азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру
- 9.2.1.19азот қышқылының басқа қышқылдар-мен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу
Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері
ҚМЖ жасау- 9.2.1.20сұйылтылғанжәне концентрлі азот қышқылының металмен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру
- 9.2.1.21нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру
Фосфор және оның қосылыстары
ҚМЖ жасау- 9.2.1.22фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру
- 9.4.2.2фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау
- 9.2.1.23фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
Минералды тыңайтқыштар. № 9 көрсетілім "Минералды тыңайтқыштар"
ҚМЖ жасау- 9.4.2.3минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау
- 9.4.2.4азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу
Кремний және оның қосылыстары. № 10 көрсетілім "Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері"
ҚМЖ жасау- 9.2.1.24кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру
- 9.1.4.8кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор түрін сипаттау
- 9.2.1.25кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру
9.3 Адам ағзасындағы химиялық элементтер
Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы
ҚМЖ жасау- 9.5.1.1адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe)
- 9.5.1.2Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру
Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. № 14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау"; № 15 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау"
ҚМЖ жасау- 9.5.1.3адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру
- 9.5.1.4тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау
Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы
ҚМЖ жасау- 9.5.1.5қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру
4-тоқсан
9.4 Органикалық химияға кіріспе
Органикалық заттардың ерекшеліктері
ҚМЖ жасау- 9.4.3.1органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру
Органикалық қосылыстардың жіктелуі. № 11 көрсетілім "Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері"
ҚМЖ жасау- 9.4.3.2көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін білу
- 9.4.3.3функционалдық топ түсінігін, берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру
Органикалық қосылыс-тардың гомологтық қатарлары. № 12 көрсетілім "Алкандардың алғашқы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері"
ҚМЖ жасау- 9.4.3.4гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу
Органикалық қосылыстардың номенклатурасы
ҚМЖ жасау- 9.4.3.5органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану
Органикалық қосылыстардың изомериясы. № 13 көрсетілім "Пентан изомерлерінің модельдері"
ҚМЖ жасау- 9.4.3.6изомерия құбылысын білу және көмірсутектер құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыру
Есеп шығару "Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын табу"
ҚМЖ жасау- 9.2.3.4газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау
9.4 Көмірсутектер. Отын
Алкандар
ҚМЖ жасау- 9.4.3.7алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу
- 9.4.3.8еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру
Алкендер. № 14 көрсетілім "Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі"
ҚМЖ жасау- 9.4.3.9қанықпағандық ұғымын сипаттау
- 9.4.3.10этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
- 9.4.3.11полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру
- 9.4.3.12пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу
Алкиндер
ҚМЖ жасау- 9.4.3.13этин мысалында алкиндердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
Ароматты көмірсутектер. Бензол
ҚМЖ жасау- 9.4.3.14бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау
Көмірсутекті отындар. № 15 көрсетілім "Отын түрлері"
ҚМЖ жасау- 9.4.3.15құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау
- 9.4.3.16Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Мұнай. № 16 көрсетілім "Мұнай және мұнай өнімдері"
ҚМЖ жасау- 9.4.3.17мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау
9.4 Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Оттекті органикалық заттар. Спирттер
ҚМЖ жасау- 9.4.3.18оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу
- 9.4.3.19спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру
- 9.4.3.20метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру
- 9.4.3.21этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу
Карбон қышқылдары. № 16 зертханалық тәжірибе "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу"
ҚМЖ жасау- 9.4.3.22карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау
Күрделі эфирлер мен майлар
ҚМЖ жасау- 9.4.3.23күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру
Сабын мен синтетикалық жуғыш заттар
ҚМЖ жасау- 9.4.3.24сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу
- 9.4.3.25синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Көмірсулар
ҚМЖ жасау- 9.4.3.26көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
Амин қышқылдары. Нәруыздар. № 17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"
ҚМЖ жасау- 9.4.3.27нәруыздағы a - аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру
- 9.4.3.28нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу
- 9.4.3.29нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру