№399 бұйрық · 53-қосымша · қазақ тілінде оқыту
Алгебра · 7-сынып: оқу бағдарламасы
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.
1-тоқсан
Бүтін көрсеткішті дәреже
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
ҚМЖ жасау- 7.1.2.1натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу
- 7.1.2.2санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау
- 7.1.2.15натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану
- 7.4.2.3шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты олардың ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалау
Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
ҚМЖ жасау- 7.1.2.3нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу
- 7.1.2.4бүтін көрсеткішті дәреженің санды мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету
- 7.1.2.6көрсеткіші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табу
- 7.2.1.1санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану
Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру
ҚМЖ жасау- 7.1.2.5алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану
- 7.2.3.1құрамында дәрежесі бар сандар тізбегінің заңдылығын және жетіспейтін мүшелерін анықтау
Санның стандарт түрі
ҚМЖ жасау- 7.1.1.1сандарды стандарт түрде жазу
- 7.1.2.7стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолдану
- 7.1.2.8стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігін және ретін табу
- 7.1.2.9стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру
- 7.1.2.10шамаларды бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыру және оны стандарт түрде жазу
- 7.1.2.11шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу
- 7.1.2.12жуық шамалардың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу
- 7.1.2.13калькулятордың көмегімен жуықтап есептеулерді орындау
Мәтінді есептерді шығару
ҚМЖ жасау- 7.4.2.1өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығару
Көпмүшелер
Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі
ҚМЖ жасау- 7.2.1.2бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу
- 7.2.1.3бірмүшені стандарт түрде жазу
- 7.2.1.4бірмүшелерді көбейтуді орындау және бірмүшені көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету
Көпмүшелер. Көпмүшенің дәрежесі және стандарт түрі
ҚМЖ жасау- 7.2.1.5көпмүше анықтамасын білу және оның дәрежесін табу
- 7.2.1.6көпмүшені стандарт түрге келтіру -
Көпмүшелерге амалдар қолдану
ҚМЖ жасау- 7.2.1.7көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау
- 7.2.1.8көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау
- 7.2.1.9көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
ҚМЖ жасау- 7.2.1.12алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
ҚМЖ жасау- 7.2.1.13көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау
2-тоқсан
Функция. Функцияның графигі
Функция және функцияның графигі
ҚМЖ жасау- 7.4.1.1функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру
- 7.4.1.2функцияның берілу тәсілдерін білу
- 7.4.1.3функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу
Сызықтық функция және оның графигі
ҚМЖ жасау- 7.4.1.4функциясының анықтамасын білу, графигін салу, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау
- 7.4.1.5түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау
- 7.4.1.6сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу
- 7.4.1.7у = kx + b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы
ҚМЖ жасау- 7.4.1.8сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу
- 7.4.1.9графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
ҚМЖ жасау- 7.4.2.4екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
( k≠0) түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері
ҚМЖ жасау- 7.4.1.10функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу
- 7.4.1.11функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу
- 7.4.1.12функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу
Статистика элементтері
Вариациялық қатар
ҚМЖ жасау- 7.3.3.1басты жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру
Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі
ҚМЖ жасау- 7.3.3.2нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу
- 7.3.3.3статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету
- 7.3.3.4таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету
- 7.3.3.5кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру
Жиілік алқабы
ҚМЖ жасау- 7.3.3.6таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету
- 7.3.3.7кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау
3-тоқсан
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
ҚМЖ жасау- 7.2.1.10қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану
- 7.2.1.11қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану
Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру
ҚМЖ жасау- 7.1.2.14тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану
- 7.2.1.14алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу
- 7.2.1.15қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау
Мәтінді есептерді шығару
ҚМЖ жасау- 7.4.3.1есеп шарты бойынша математикалық модель құру
- 7.4.2.2мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару
4-тоқсан
Алгебралық бөлшектер
Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті
ҚМЖ жасау- 7.2.1.16алгебралық бөлшектерді танып білу
- 7.2.1.17алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу
- 7.2.1.18алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану:
Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану
ҚМЖ жасау- 7.2.1.19алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
- 7.2.1.20алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді, дәрежеге шығаруды орындау
Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру
ҚМЖ жасау- 7.2.1.21құрамында алгебралық бөлшектері бар өрнектерді түрлендіруді орындау