№399 бұйрық · 53-қосымша · қазақ тілінде оқыту
Алгебра · 9-сынып: оқу бағдарламасы
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.
1-тоқсан
Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері
ҚМЖ жасау- 9.2.2.1екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату
- 9.2.2.2екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу
- 9.4.2.1мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару
- 9.4.3.1есеп шарты бойынша математикалық модель құру
Екі айнымалысы бар теңсіздіктер
ҚМЖ жасау- 9.2.2.3екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйелері
ҚМЖ жасау- 9.2.2.4екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу
Комбинаторика элементтері
Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері)
ҚМЖ жасау- 9.3.1.1комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері)
- 9.3.1.2санның факториалы анықтамасын білу
- 9.3.1.3қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу
- 9.3.1.4қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу
Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу
ҚМЖ жасау- 9.3.1.5қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару
Ньютон биномы және оның қасиеттері
ҚМЖ жасау- 9.3.1.6Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану
2-тоқсан
Тізбектер
Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері
ҚМЖ жасау- 9.2.3.1сандар тізбегі туралы түсінік болу
- 9.2.3.2тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы:
- 9.2.3.3математикалық индукция әдісін білу және қолдану
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар
ҚМЖ жасау- 9.2.3.4сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату
- 9.2.3.5арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану
- 9.2.3.6геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану
- 9.2.3.7арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия
ҚМЖ жасау- 9.2.3.8шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін қолдану
Мәтінді есептерді шығару
ҚМЖ жасау- 9.2.3.9шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын есептер шығаруда қолдану
- 9.4.2.2геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару
3-тоқсан
Тригонометрия
Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемдері
ҚМЖ жасау- 9.1.1.1бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру
- 9.1.2.1градусты радианға және радианды градусқа айналдыру
- 9.1.1.2бірлік шеңбердің бойында сандарын белгілеу
Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Бұрыш синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндері
ҚМЖ жасау- 9.2.4.1тригонометриялық функциялардың анықтамаларын білу
- 9.2.4.2бірлік шеңбердегі нүктелердің координаталары мен тригонометриялық функциялардың өзара байланысын білу
Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері
ҚМЖ жасау- 9.2.4.5бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу
- 9.2.4.6бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын түсіндіру
Тригонометрия формулалары
ҚМЖ жасау- 9.2.4.4келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану
- 9.2.4.3бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану
4-тоқсан
Тригонометрия
Тригонометрия формулалары
ҚМЖ жасау- 9.2.4.7тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру формулаларын қорытып шығару және қолдану
Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру
ҚМЖ жасау- 9.2.4.8тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау
Ықтималдықтар теориясының элементтері
Ықтималдықтар теориясының негіздері
ҚМЖ жасау- 9.3.2.1оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру
- 9.3.2.2элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату
- 9.3.2.3ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және есептер шығару үшін оны қолдану
- 9.3.2.4ықтималдықтың статистикалық анықтамасын білу
Мәтінді есептерді шығару
ҚМЖ жасау- 9.3.2.5геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану