Негізгі мазмұнға өту
Bilikti AI

5-сынып

№399 бұйрық · 56-қосымша · қазақ тілінде оқыту

Жаратылыстану · 5-сынып: оқу бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар мен оқу мақсаттары тоқсан бойынша. Тақырыптың жанындағы батырма оны ҚМЖ генераторына дайын күйде ашады.

63 оқу мақсаты25 тақырыпәдіскер тексеруі күтілудеДереккөз: adilet.zan.kz ↗ Іздеу және сүзу

1-тоқсан

  1. 5.1 Ғылым әлемі

    Ғылымның рөлі

    ҚМЖ жасау
    • 5.1.1.1ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау
  2. Зерттеу сұрағы

    ҚМЖ жасау
    • 5.1.2.1зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау
  3. Зерттеуді жоспарлау

    ҚМЖ жасау
    • 5.1.3.1зерттеу жоспарын құрастыру
    • 5.1.3.2зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау
  4. Деректерді жинау және жазу

    ҚМЖ жасау
    • 5.1.4.1нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау
    • 5.1.4.2бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу
  5. Деректерді талдау

    ҚМЖ жасау
    • 5.1.5.1қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтау
  6. Қорытынды және талқылау

    ҚМЖ жасау
    • 5.1.6.1зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау
  7. 5.2 Адам. Жер. Ғалам

    Макро- және микроәлем

    ҚМЖ жасау
    • 5.2.1.1макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру
  8. Жер туралы жалпы мағлұматтар

    ҚМЖ жасау
    • 5.2.2.1Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру
    • 5.2.2.2Жердің құрылысы мен құрамын атау
  9. Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері

    ҚМЖ жасау
    • 5.2.3.1Жер қабықтарын және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау
  10. Жердегі тіршілік

    ҚМЖ жасау
    • 5.2.4.1Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау
    • 5.2.4.2тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау
  11. Жер бетін бейнелеу тәсілдері

    ҚМЖ жасау
    • 5.2.5.1"жоспар" және "шартты белгілер" ұғымдарын түсіндіру
    • 5.2.5.2шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу
    • 5.2.5.3бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру)
    • 5.2.5.4тіркеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым пландарын сызу
  12. Материктер мен мұхиттар

    ҚМЖ жасау
    • 5.2.6.1материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау
    • 5.2.6.2мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау
  13. Халық географиясы

    ҚМЖ жасау
    • 5.2.7.1дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын, негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау
    • 5.2.7.2нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау
    • 5.2.7.3нәсілдер теңдігін дәлелдеу

2-тоқсан

  1. 5.3 Заттар және материалдар

    Заттардың құрылысы мен қасиеттері

    ҚМЖ жасау
    • 5.3.1.1бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру
    • 5.3.1.2заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру
    • 5.3.1.3заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, созылғыштығын, иілімділігін сипаттау
    • 5.3.1.4физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
  2. Заттардың жіктелуі

    ҚМЖ жасау
    • 5.3.2.1қоспалар мен таза заттарды ажырату
    • 5.3.2.2қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну
    • 5.3.2.3құрамы белгілі ерітіндіні дайындау
    • 5.3.2.4еріген заттың массалық үлесін есептеу
    • 5.3.2.5заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу
  3. Заттардың түзілуі және алынуы

    ҚМЖ жасау
    • 5.3.3.1кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру
    • 5.3.3.2зертханалық жағдайда заттарды бөліп ала алу

3-тоқсан

  1. 5.4 Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

    Өлі табиғаттағы үдерістер

    ҚМЖ жасау
    • 5.4.1.1өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)
    • 5.4.1.2өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түсіндіру
  2. Тірі табиғаттағы үдерістер

    ҚМЖ жасау
    • 5.4.2.1тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау
    • 5.4.2.2тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау
    • 5.4.2.3микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану
    • 5.4.2.4уақытша микропрепарат дайындау
    • 5.4.2.5фотосинтез үдерісін түсіндіру
    • 5.4.2.6өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттеу
    • 5.4.2.7фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын зерттеу
  3. 5.5 Энергия және қозғалыс

    Энергия түрлері мен көздері

    ҚМЖ жасау
    • 5.5.1.1энергия түрлерін ажырату
    • 5.5.1.2температура мен жылу энергиясын ажырату
    • 5.5.1.3термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу
    • 5.5.1.4ғимараттарда жылу оқшаулағыштарын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру
    • 5.5.1.5жылулық ұлғаюды сипаттау
    • 5.5.1.6энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру
  4. Қозғалыс

    ҚМЖ жасау
    • 5.5.2.1тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіреді және түсіндіру
    • 5.5.2.2әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу
    • 5.5.2.3денелер қозғалысының себебін анықтау

4-тоқсан

  1. 5.6 Экология және тұрақты даму

    Экожүйелер

    ҚМЖ жасау
    • 5.6.1.1экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау
    • 5.6.1.2экожүйе түрлерін жіктеу
    • 5.6.1.3экологиялық факторлардың экожүйе қызметіне ықпал етуін түсіндіру
    • 5.6.1.4табиғи және жасанды экожүйелерді салыстыру
  2. Тірі ағзалардың сан алуандығы

    ҚМЖ жасау
    • 5.6.2.1ағзаларды тірі табиғат дүниелеріне жіктеу
    • 5.6.2.2біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау
  3. Табиғатты қорғау

    ҚМЖ жасау
    • 5.6.3.1Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін атау
    • 5.6.3.2өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу
    • 5.6.3.3Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау
  4. 5.7 Әлемді өзгертетін жаңалықтар

    Әлемді өзгертетін жаңалықтар

    ҚМЖ жасау
    • 5.7.1.1әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру
  5. Болашақ жаңалықтары

    ҚМЖ жасау
    • 5.7.1.2болашақ ғылыми зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну